Он алтыншы желтоқсан

Он алтыншы желтоқсан –
Аяз ата, Ақшақар.
Соған қарап көп күрсінді ақсақал.
Осы күні талай боздақ қиылып еді қыршыннан,
Осы күннің ызғары сай-сүйекті қақсатар.
*Он алтыншы желтоқсан –
Ойын-күлкі, той-думан.
Соған қарап қайран әжей қайғырған.
Осы күні талай ана, талай әке зар жылап,
Құлынынан айырылған.
*Он алтыншы желтоқсан –
Біразына демалыс.
Бойларында жоқ екен-ау
Қайрат, жігер, не намыс.
Осы күні қынжылды ғой талай қайран қазағым,
Өліп кетті-ау көп арыс…
*Он алтыншы желтоқсан –
Тек үнсіздік, бір минут.
Одан соң күліп-ыржидық.
Осы күні ұзақ уақыт қан төгілді, жас ақты,
Тұсауға түсті кіл жүйрік.
*Он алтыншы желтоқсан –
Болары жылда заңдылық:
Алауды жағып, жандырып.
Осы күні жиырма төрт сағат болғанмен,
Есімде қалды мәңгілік.
АХМЕТ Болат,
Сурет:https://bilimdiler.kz/





