Осыдан тура бір ғасыр бұрын наурыз мейрамы тойланды

Сурет әлеужеліден алынды, авторы: Нұрлан Әбішев «Қымыз»
1926 жылы ескіні естіртетін жерлері бар деген желеумен, Әз-Наурыз «архивке» кетті. Қара да бір ханда тең отыратын мейрамды алпыс екі жыл алға жіберіп, Өз ата қызылдың сейфінен ап шығарды. Дала бір терең тыныстағандай болып, кейіннен көршілес елдер бір-бірлеп қазақ ізінен Наурыз тойлауға көшті. 2024 — жылдың наурыз айынан бастап наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, мейрам наурызнама арқылы тойлана бастады.
Өз ата – қоғам және мемлекет қайраткері, этнограф, ғалым 1988 жылы еліміз халқының Наурыз мейрамымен қайта қауышуына себепкер болған, тікелей араласқан тұлға Өзбекәлі Жәнібеков екенін бүгінгі жастар жадынан шығармауы тиіс.
Өткен ғасырдың сексен сегізіне дейін, қаймағы бұзылмаған жерлерде жариясыз, ауыл арасында тойланатын мейрам қала ішінде жаңаша жанданған-ды. Осы бір мейраммен қайта қауышқанына қаусаған қарттар қауқылдасып, бала біткен жағалай көше ішіп, асырсап жатқан кездер. Осы кезден бері аттай 38-жыл өтіп, қалың қазақ пәтуә кеткен аузына
«Наурыз қазақтікі емес!» деген сөзді алды.
Белгілі журналист, жазушы Санжар Керімбайдың «Қуыскеуде» кітабында, айтуынша бұл ата мен әже және жалпы отбасы институттарының күн өте әлсіреп бара жатқанының әсері деп тарқатады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ресми сайтында: наурыз діни элементтерінен айырылып сан ғасыр өте қазақтың ұлттық кодына айналғанын айтып, заманында Әзірет Әлінің де наурыз дастарқанынан дәм татқанын айтып өтеді.
Наурыз шығыс халықтарына да, түркі халықтарына да ортақ мейрам. Ұлыстың ұлы күні де, Самарқанның көктасы жібіген күн де-Наурыз.
Әз-Наурыз кеңес дәуірінің сейфіне кеткелі биыл бір ғасыр, көппен қайта қауышқалы отыз сегіз жыл.
Халқымыздың асары да мол, жасары көп болғай.
Алда келе жатқан Наурыз мейрамын аман-есен қарсы алып, шат-шадыман күйде тойлау нәсіп болсын!
АХАНОВ Дінмұхаммед Әсетұлы,
Шығыс Қазақстан облысы, Білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы
№43 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11-сынып оқушысы.
Жетекшісі:Төкенова Әсел Нұрланқызы,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі





