Отбасы сәні-сыйластық!

Отбасы — сыйластық пен бірлестікті, махаббат пен қамқорлықты талап ететін ерекше орта. Айрандай ұйыған қара шаңырақ төрінде таң атысымен кеш батқанша ұрыс-керіс, айқай-шу, түсініспеушілік пен ренжісу болса ол жерде қандай сыйластық қалады? Әкеге қарап-ұл, шешеге қарап-қыз өсер демекші, Әке мен ананың қарым қатынасы қандай болса, балалар соған қарап тәлім-тәрбие алады емес пе? Ал баланың балғын шағында алған тәрбиесі, болашағына әсер етеді. Сол ата-анасынан алған тәрбиемен үлкен-жолға шоғырланады.
Қазір қаншама отбасы, қаншама шаңырақ бар. Әрқайсысында әртүрлі кикілжіндер орын алып тұрады. Олардың басты себебі – бір — біріне деген түсініспеушіліктің жоқтығы. Үлкені кішісін, кішісі үлкенін тыңдамай жатады. Содан соң анасы ондай шудан басы ауырып балаларына айқайлап бір бірінін көңіл күйін түсіріп жібереді.
Әрине, бұл сыйластықтың жоғын білдіреді.
Қазақ халқы ежелден үлкенін сыйлап, кішісіне ізет көрсетіп келе жатқан халық. Сыйластық, бірлестік- біздің қанымызда бар қасиет. «Адам сыйлағанның құлы», — деп қазақ халқы өзін сыйлаған, құрметтеген жанға төрден орын ұсынып, сұрағанын беретін болған. Сыйластықтың ең ұлысы — ата-анаға, бауырларыңа көрсетін ізетшілік деп ойлаймын.
Сенің өзгеге деген сыйластығың — тәрбиеңнің көрінісі.
Отбасымызбен тату-тәтті, сыйластықта болайық!
ТҰРДАҚЫН Әмина Жанатқызы,
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете
оқытатын орта мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.
https://egemen.kz/