Отбасы тәрбиесінің тұлға дамуына әсері

АҢДАТПА

Бұл мақалада отбасының тәрбиелік маңыздылығы, оның әлеуметтік-мәдени орта ретіндегі рөлі мен баланың жеке басының қалыптасуына тигізер әсері жан-жақты қарастырылған.Отбасы-баланың өмірдегі алғашқы ұжымы және оның адамгершілік, мәдениеттілік, патриоттық сезімдердің қалыптасуына негіз қалайтын орта. Зерттеу авторы отбасының тәрбиелеушілік міндеті қоғамдық тәрбиенің кез келген жүйесімен алмастырылмайтынын атап өтеді.

АННОТАЦИЯ

В данной статье подробно рассматривается воспитательная значимость семьи, ее роль как социокультурной среды и влияние на формирование личности ребенка. Семья-это первый в жизни коллектив ребенка и среда, которая закладывает основу для формирования у него нравственных, культурных, патриотических чувств. Автор исследования отмечает, что воспитательная задача семьи не заменяется какой-либо системой общественного воспитания.

ANNOTATION

This article describes the educational significance of the family, its socio-cultural environment role and impact on the formation of the child’s personality considered. The family is the first collective of the child in life and his creating the basis for the formation of moral, cultural, and patriotic feelings the middle. The author of the re earch I that the educational Ta K of the family I a «I don’t know,» he said.

Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар-әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық, адамгершілік және психологиялық қатынастар.Отбасы дамуының кезеңдері оның бір қызыметінің жойылып, екінші қызыметінің қалыптасуымен және отбасы мүшелерінің әлеуметтік қызыметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен тығыз байланысты.

Отбасының қызметін, оның көп түрлілігі мен байланыстарын ескере отырып, қазіргі отбасы дамуының бағыттары мен бірқатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызыметін іске асыруына көмектеседі[1].

Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғаммен тығыз байланыста бола отырып, оның функцияларының бірқатары тікелей қоғам талаптарынан туындайды. Бір жағынан, отбасы-бұл өз заңдылықтары мен қызметтері әрекет ететін тұлғааралық қарым-қатынастар сферасы болып табылады. Осы орайда, қоғамның отбасыға және қоғамға қатысты, сонымен қатар, отбасының тұлғаға және тұлғаның оған қатысты функцияларын атауға болады. Осы тұрғыдан отбасы функцияларын әлеуметтік (қоғамға қатысты) және дара (тұлғаға қатысты) деп қарастыруға болады. Отбасы функциясы қоғамның отбасы институтындағы қажеттіліктерімен және отбасылық топқа қатысты тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты болып келеді.

Рухани қарым–қатынас отбасындағы бос уақытты бірге өткізудегі, өзара жан дүние байлығын нығайтудағы қажеттіліктерді қанағаттандыруда көрініс табады.Сонымен қатар оның құрамдас бөліктері: отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен, көркем әдебиет пен шығармашылық пен өзара бірлестіктегі отбасы мүшелерінің байланыс әрекеті, отбасының өз мүшелерінің қоршаған орта мен әлеуметтік орта арасындағы әртүрлі байланыстарға әсері болып табылады[2].

Отбасындағы ата-аналардың арасындағы үйлесімді тұлғалық келісушіліктерден отбасылық бақыт құралады, яғни бұл процесс барысында ой алмасу мен жағымды эмоциялар алмасуы жүзеге асады. Мұндай қарым-қатынастағы  жағымды кері байланыстардың жүзеге асуына қажетті жағдай  қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері мен қағидалар  жүйесі болып табылады. Бұл тәрбиенің ең басты мақсаты — отбасында неғұрлым тығыз өзара түсінушілікті қамтамасыз ету. Сондықтан, рухани қатынастарды жетілдіру қарым-қатынас мәдениетінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Ата-аналардың қарым-қатынасы – тұлғаның өз-өзін жүзеге асыру сфераларының біріне жатады.

Отбасында әке мен ананың арасындағы рухани қарым–қатынас мәдениетінің негізі өзінің серіктесіне тең қарым-қатынаста қарау болып табылады. Мұндай қарым-қатынас барысында ата-аналар өздерінің рухани әлемін, баларымен байланыс қабілеттерін жетілдіре түседі. Егер де ата-аналардың бірі екіншісінен өзін жоғары санап, өз тұғасын биік қойса, онда өзара түсінушілік бұзылып қана қоймай, сонымен қатар қарым-қатынастың барлық түрінің бұзылуына әкелуі мүмкін.Осы орайда,  ата-ананың бірін-бірі сыйлауы, өзара қолдауды қамтамасыз етуі аса маңызды болып табылады. Бұл жағдайлар нәтижесінде жан тыныштығын сақтауға және эмоциялардың жақындасуына көмектеседі.

Отбасының эмоциялық басқару оның мүшелерімен эмоциялық қолдау, психологиялық қорғаныс, өзара сыйластық және көңіл білдірудегі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Отбасындағы оңтайлы эмоциялық атмосферасы оның әрбір мүшесіне ішкі сезімдерінің жағдайын жасырмауға, қуанышымен бөлісуге, сәтсіздіктер мен көңіл-күйін айтуға, толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес алуға, рухани және физикалық күш–қуатын толтыруға және қалпына келтіруге кең мүмкіндік ашады.

Отбасының алғашқы әлеуметтік бақылауы-отбасы мүшелерімен, әсіресе әртүрлі жағдайларға (жас ерекшелігі, сырқаттануы және т.б) байланысты әлеуметтік ережелермен толық сәйкестікте өзінің әрекетін өз бетінше құруға жеткілікті деңгейде қабілетсіз мүшелерімен әлеуметтік ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Отбасында әрбір мүшесінің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағатандырылуына ата-аналардың жауапкершілік сезімі жоғары болуы шарт[3].

Отбасының мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен және басқа да отбасы мүшелерімен (туыстық, достық,  көршілік), сонымен қатар, жекелеген тұлғалармен байланыс жасап, олармен түрлі сипаттағы қарым-қатынасқа түсетінін ескеру аса маңызды болып есептеледі.

Қазіргі таңда аса маңызды отбасы – адам өміріндегі алғашқы тәрбие ортасы әрі тұлғаның әлеуметтенуі мен дамуының басты негізі болып табылады. Отбасындағы тәрбиенің дұрыс қалыптасуына әсер ететін факторлар тақырыбында маңызды мәселелерді терең талдауға болады.

Отбасы – баланың өмірдегі алғашқы ұжымы және оның адамгершілік, мәдениеттілік, патриоттық сезімдердің қалыптасуына негіз қалайтын орта. Зерттеу авторы отбасының тәрбиелеушілік міндеті қоғамдық тәрбиенің кез келген жүйесімен алмастырылмайтынын атап өтеді. Ата-ананың баланы өмірге әкелумен шектелмей, оған әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қабылдату, ұлттық дәстүрлерді бойына сіңіру және қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеу – отбасының басты міндеті болып табылады. Бұл пікір Қазақстан Республикасының Ата Заңы мен «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген ата-ана жауапкершілігіне сәйкес келеді.

Қорыта келе айтарымыз, ата-аналармен байланыс орнату, олардың тәрбиелік рөлін арттыру және мектеппен ынтымақтастықты нығайту арқылы баланың дамуына оң әсер етуі мүмкіндігі анықталды. Зерттеу барысында Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Мәдениет ауылының мектебінде жүргізілген тәжірибелік жұмыстар нәтижесінде ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы тәрбие сапасының 40%-дан 80%-ға дейін өскені байқалды. Мысалы, «Менің баламның мен білмейтін қырлары» атты іс-шара мен «Наурыз аруы» байқаулары арқылы ата-аналар мен балалар арасындағы түсіністік пен ынтымақтастық нығая түсті.

Зерттеудің тағы бір маңызды аспектісі – отбасының қазіргі заманғы дағдарыстарына байланысты туындайтын тәрбиелік мәселелер. Олар: экономикалық қиындықтар, ата-ананың жұмыспен қатар отбасына уақыт табудағы қиыншылықтар және мектеппен байланыстың әлсіреуі тәрбие сапасына кері әсерін тигізетіні анықталды. Бұл мәселелерді шешу үшін, ізгілендірілген тәрбие әдістерін, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетуді және мектеп-мәдениет ошақтарымен ынтымақтастықты ұсындық.

 

САПАТАЕВА Сабина,

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық

колледжі «Ағылшын» бөлімінің 4 курс студенті,

СЕКЕНОВА Б.Б.,

жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы, п.ғ.м.

Ақмола облысы

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Ата Заңы, 27-бап.
  2. Ғалиев Е., Мектептің отбасымен байланысы, Тәрбие құралы, №1, 2015
  3. Иманбекова Б., Бала тәрбиесін шешуде отбасымен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік,//оқушы тәрбиесі №4,5, 2008
  4. Отбасы суреті: https://images.app.goo.gl/zLVmUwWn9CBzorVWA