Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті
27.07.2024 | Париж-2024
Парижде 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Салтанатты рәсім спортшылар шеруінен басталды. Биылғы ерекшелік – шерудің Сена өзенінде өткені. Делегация елдер қайықтарға жайғасып, Аустрелиц көпірінен Трокадеро алаңына дейінгі аралықта алты шақырымды жүзіп өтті. Қазақстан командасы Жапония, Иордания және Кениямен бір қайықта болды. Еліміздің туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова алып шықты.
Спортшылар шеруі кезінде Париж алып театрға айналды. Концерттік бағдарлама 12 бөлімнен құралған.
Биыл шоу спортшылар шеруімен қатар жүрді. Ашылу салтанатында алғаш болып америкалық әнші Леди Гага өнер көрсетті. Ал қойылымның негізгі сюжеті керемет бағдарлама аясында құпия сақталған алауды алып жүруші болатын.
Шоудағы барлық оқиға Париждегі танымал орындарда өтті. Атлеттер Сена өзенінде жүзіп өткенше әртістер үйдің төбелерінде, көпірлерде, түрлі тарихи орындарда өнер көрсетті.
Ашылу салтанатының соңғы бөлімдерінің бірінде түрлі Олимпиада ойындарынан фотолар мен видеолар ел назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылар осы арқылы олимпиадалық құндылықтың маңызын көрсетті.
Стать частью олимпийского праздника смогли и участники соревнований по серфингу. Оргкомитет показал спортсменов в парадной форме и серфом в руках, которые поприветствовали зрителей и делегации других стран. Напомним, что серфингисты будут бороться за медали на Таити. Расстояние о Парижа составляет более 15 тысяч километров.
Содан соң, салтанатты түрде олимпиадалық ту көтерілді. Олимпиаданың ашылуында ХОК президенті Томас Бах сөз алса, Франция президенті Эммануэль Макрон жазғы ойындарды ашық деп жариялады.
Жұмбақ адамның қолындағы алауды әйгілі Зинедин Зидан қабылдап алды. Кейін ол алау құтысын даңқты теннисші Рафаэль Надальға табыстап, ол әлемдік жұлдыз Серена Уильмяспен бірге алау жағылатын жерге бет алды.
Олимпиада алауын үш дүркін Олимпиада чемпиондары – дзюдошы Тедди Ринер мен жеңіл атлет Мари-Жозе Парк жақты. Ал салтанатты рәсім Селин Дионның орындауындағы махаббат әнұранымен аяқталды.
Фото: Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов, Владислав Семенов, Getty Images, Olympics
OLYMPIC.KZ