«Поэзия — бұл рух»
«Жыр — менің планетам» деп алып ақын апамыз Фаризада соңғы демі таусылғанша, қаламы қолынан түспеді дейді оның қасында жүрген ақын шәкірттері. Қолына қалам бітсе тебірене, терлене термеп ойында сарнағанды ақ парақ бетіне шимайлай түсетін. Поэзия — бұл алапат сезім! Бұның қасын да анау сенің махаббатың да, өліміңде ойыншықтай. Кез — келген адам қолына қалам алса, жаза бермейді, себебі «поэзия бұл — рух. Рух жоқ жер де түк жоқ» демеді ме кешегі өткен Мұқағали Мақатаевтай атамыз.
Олардың жанын ешкім ұқпады да, ұғынада алмады. Неге басты сауал бәрімізге осы шығар. Оларды өзі секілді жазушы, ақындар, шығармашылық адамдары, отбасы ғана түсіне білді. Олардың әлемі керемет таң ғажайып мекен іспеттес. Олар деген кімдер: Мұқағали, Фариза, Мағжан, Абай, Ілияс, Ғабит, Мұқтарапа — аталарымыз. Өмірінің соңына дейін өлең, өлең деп отбасын, өз жеке басын ұмытқан адамдар.
Мына мен айшық тыжыршы болмасам да, таңдауым таңдандырса да Құдайдың берген талантын тарықтырғым келмейді қорқылып. Өлеңсіз мына менде бос адамдаймын, өлеңмен жанымды емдеп, жарамды жасырып қоямын. Өзіме керектіні жазып, керек емесін сызып отырамын. Ал кейде, «өлеңі құрсын таппадым одан миятты» деген кездер де болған еді. Бүгін де шүкір қаламым тербеп, шыңдап тұр. Бір сөзбен жыр мен мына менде егізбін.
Неге екенін білмеймін…
Мұқағалидің жырымен, жанымды жазып емдеймін.
Мұзбалақ ақын, мұз болып қатқан жүрегін,
Әуенмен емдеп, шабытпен шырқап көрейін.
Шойынбекқызы Іңкәр
9 сынып оқушысы.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
Шаян ауылы, С. Әбдіжаппаров мектебі 9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Айсара Абдираманова