Президент Мәдениет орталығында қазақ тілін үйреніп жүрген балалармен сөйлесті

Қытай оқушылары домбырамен белгілі қазақ, қытай әуендерінен попурри орындады. Сонымен қатар мәртебелі меймандар Бейжің балаларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның достары клубы өкілдерімен, бұрын елімізде қызмет еткен ҚХР елшілерімен әңгімелесті.