Руханият бесігіндегі ілкімді істер

13 наурыз күні Тастұмсық ауылдық кітапханасы және Олег Кошевой атындағы білім мекемесі бірлесіп, ұлттық әдебиетіміздің алыбы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абайдың қара сөздері — тәрбие көзі» атты әдеби сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға О.Кошевой атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін білім мекемесінің 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Оқырмандар Абайдың қара сөздері негізінде баяндама жұмыстарын қорғап, өз ойларын ортаға салды. «Ғасырлық ой мен таным» атты Абай қара сөздеріне қатысты С. Сәрсеннің мақаласы таныстырылды . Р. Ержан, А.Аббасова бірнеше Абайдың қара сөздерінен үзінділер жатқа оқыды. «Он жетінші қара сөз», «Жиырмасыншы қара сөздері» бойынша оқырмандар әдеби талдау жасады.
Кітапханашы «Ойлыға әркез ой салған» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
17 наурыз наурызнаманың төртінші күні «Автормен кітап оқу» жоспарына сәйкес Тастұмсық ауылдық кітапханасы және Олег Кошевой білім мекемесі бірлесіп, «Ақын жүрегіне жол тапқан ақын атты» ақын Г. Сатымбековамен кездесу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға қонақ ретінде Тастұмсық ауылдық аналар кеңесінің мүшелері, Жыланды ауылының аналар кеңесінің мүшелері, Қоғамдық келісім мекемесінің маманы, О.Кошевой атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін білім мекемесінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Оқырмандар ақынның «Ана», «Мархабат ағама», «Туған ел» атты өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапханашы ақынның өмір жолы мен шығармашылық жолы жайлы «Дарыны туған даласына таныс» атты баяндама жасады. Ақынға оқырмандар сан түрлі сұрақтар қойып, ақын болмысын ашуға ұмтылды. Ақын өз шығармашылығындағы басты жетістігі, ата-анасының тәлімі жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Ән салды. Шабыттана өлең оқыды.Білім мекемесінің өлеңге құмар жас ақындары –Тағаймұратова Нұрай мен Ағалы Ағжа ақынға өз өлеңдерін көрсетті. О.Кошевой атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің тәлімгері Ш.Байболова:
—Г.Мырзақұлқызы – өлкеміздің Фаризасы. Елдің еркесі. Ақын болу – үлкен азаматтық. Кең жүрегімен даласын жырға бөлеген ақынды біз қадірлейміз, алғысымызды айтамыз. Ақын әрі ұстаз ретінде еңбегі ел алдында, -деп ақын еңбегін ерекше атап өтті. Кітапханашылар «Жырымен көктем шақырған» атты ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,
Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты
Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы.
Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С., Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы
университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты