«Рухтың күші – әкеде»

  Талдықорған:  Алматы облысы  Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігі төрайымы БАЙМАДИЕВА  Несипжамал Қасымбекқызының жобаларының бірі «Рухтың күші — әкеде» деп аталды.

   Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының аясында өткен әкелер форумының қорытынды марапаттауы өткізілді.

    Марапаттау рәсіміне арнайы келген Алматы облыстық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Керімбек Болат Бақбергенұлы құттықтау сөз сөйледі. Облыс аудандарынан байқауға қатысып, оза шапқан жеңімпазддарға «Асыл әке» медалі табыс етілді.

   Жеңімпаздар қатарында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, сегіз баланың әкесі  Көлбаев Марлен Қапашұлы да бар. Марапатқа ие болған әкелердің басым көпшілігі – мектеп мұғалімдері, директорлары.

   Осы шарадан кейін  ұстаздан басқа да салада еңбек ететін әкелер байқауға көптеп қатысады деп білеміз.

  Еліміз бойынша облыста тұңғыш рет өткізілген байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

   Форумда көпшілікке ой салған жазушы Лидия Егембердиеваның «Менің әкем» спектаклі. Қойылымды орындаған Сарыөзек орта мектебініңұстаздары мен оқушылары.

                                                        Ж.КУЧУКОВА