Құс қанатты жырлар

«Қазақтың жазира даласына көктем келд!»
Дереккөзі:https://pibig.info/108034-kazahskaja-step-vesnoj.html
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, «Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің» оқушылары жолдаған өлең шумақтары.
Жетекшісі: Танысхожаева Гулбайра Беделханқызы
Аналар мен аруларға арнау
*Көктемнің шуағымен нұрын шашқан,
Құлпырып жердің беті гүлін ашқан.
Мерекең құтты болсын, асыл жандар,
Күлімдеп, бақыт тапқан әрбір асқар.
*Анашым – өмірімнің алтын бағы,
Сен барда арайланып атады таң.
Мейірім мен шапағат сенен ғана,
Сенсің ғой әлемдегі асыл жан.
*Сүйікті жар, қарындас, ару қыздар,
Көңілден кетсін мәңгі қысқы мұздар.
Жүздеріңнен нұр ойнап әрқашанда,
Жарқыраңдар көкте жанған жұлдыздай.
*Әр үйдің берекесі, шамшырағы,
Анасыз тіршіліктің жоқ тұрағы.
Мейрамың құтты болсын, нұрлы көктем,
Таусылмас қуаныштың ақ бұлағы!

ОРЫНБАЙ Айсұлтан Қанатұлы,
10 «А» сынып оқушысы
Ұстазыма
*Көктемнің шуағындай нұрын төккен,
Мейірім аралындай гүлі көктем.
Шәкірттің болашағын биік қойып,
Өмірдің өткелінен бірге өткен.
*Сабырдың сарқылмайтын арнасындай,
Білімнің баға жетпес алқасындай.
Жазумен тақтадағы тағдыр қашап,
Тұрасыз ақыл-ойдың айнасындай.
*Жүзінде ұялаған ізгілігі,
Жанының жоқ жасырын, үзігі мін.
Ұстаздың еңбегімен арайланар,
Ертеңгі атар таңның әрбір күні.

ЖАНБОЛАТОВА Айзере Мақсатқызы,
2 «Б» сынып оқушысы
Қазағымның арулары аякөздей
*Қазағымның арулары аякөздей,
Құлпырады гүл бақшадай бәрі бірдей.
Жүздері нұр шуақтан жаралғандай,
Әлемді жарқыратып жібергендей,
*Жүздерінен шуақ төгіп күлімдеген,
Көктем келіп тұр ғой көздерінен.
Сезіледі табиғат әсемдігі,
Құлпырған атырабы бейне гүлдейін.
*Жаратқан сұлу қылып бір Алла өздеріңді,
Құртпаңдаршы бейне бір сұлу жүздеріңді.
Бояусызда сұлусыңдар тіл қақтырар,
Қарасаң көз тоймайтын бір бақ болар.
*Инабат пен ибаны серік еткен,
Қазағымның қыздары сұлу қандай!
Парасаты бойына бір тоғысқан,
Қазағымның қыздары мықты жандар.

ТІЛЕПБАЙ Саян Режепбайұлы,
10 «Ә» сынып оқушысы





