Семейлік полиглот оқушы Гонконгқа оқуға түсті

Қазақ сыныбында білім алатын шәкіртіміз мемлекеттік тілден бөлек ағылшын, қытай тілдерін меңгерген. Көптілді білу оған белсенді ерікті болуға, сол арқылы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ағылшын тілін үйретуге көмектесуде.
     Мектебіміздің 12 сынып оқушысы Данил Томилов Гонконг Линнань (Lingnan University)  университетінің толық грантына ие болды. Қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін Данил мектебіміздегі мақтаулы шәкірттердің бірі. Университет тарапынан сұралған құжаттарды уақытында өткізіп, талаптарды толық орындаған жас зияткерді қуантқан  жаңалық жуырда ғана келген.
    — Маған көпшілікпен жұмыс жасаған ұнайды. Сол үшін әлеуметтік-саяси ғылымдар саласында білім алуды көздегенмін. Ал гонконгтық университеттің қоғаммен жұмыс істеуге көзқарасы мен студенттердің сыни дағдыларын дамытуға бағытталған ұстанымдары жаныма жақын. Болашақта қоғаммен тығыз жұмыс жасайтын мемлекеттік қызмет болмаса өзге мекемелерде еңбек етуді жоспарлап жүрмін. Сондай-ақ саяси сауаттылығымды арттырып, халықаралық саясат және экономикалық құқық саласында өзімді сынап көргім келеді, — дейді Данил Томилов.
     Атап өтерлігі,  өткен жылы 4 түлегіміз Гонконг қаласындағы Линнань (Lingnan University)   университетінің гранты иегері атанған болатын. 

                                                                       Назарбаев зияткерлік мектебінің

                                  Баспасөз қызметі