Шәкірт жетістігі – мектеп абыройы

—Құрметті мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттері! Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауларында, жастар мен оқушылардың кездесулерінде, ұстаздарға арналған жиындарында  «Мен жастарға сенемін!» деп тәуелсіз еліміздің жастарына  зор үміт артып, олардың бүгіні мен ертеңіне  жарқын болашақ тілейді. Солардың қатарында біздің мектептің оқушылары да бар деп білемін. Бүгін таңдағы оқушы – ертеңгі елін, туған жерін түлетер маман сендер боласыңдар. Туған ауылымыздың перзенті, қазақ журналистикасының дамуына бар ғұмырын арнаған Ұзақ Бағаевтың жолын жалғастырған шәкіртіміз  Айзатқа сәттілік тілеп, келесі жылы мектеп бітірген соң арманына қол жеткізуіне тілектеспіз, — деді мектеп директоры  Мамаев Мақсат Тазабекұлы.

Ұ. Бағаев атындағы мектептің ұстаздары 11 – сынып оқушысы Айзатты «Ұзақ ағамыздың ізбасары» деп атайды. А.Бақберген Ұзақ Бағаев атындағы мектепте білім алуда. Тұлға есімі көпке танымал журналист. Ұ.Бағаев 1969 жылдан бастап өмірінің соңына дейін еліміздің бас газеті «Социалистік Қазақстан» — Egemen Qazaqstan  газетін басқарған. Бірнеше кітаптың авторының өмір жолы А. Бақбергенге өнеге болып  журналист мамандығын таңдады. Республикалық басылымдарға жазған дүниелерін жолдап, баспасөз беттерінде мақалалары жарық көруде.

Кеше өткен мектепішілік жиында Ұ.Бағаев атындағы мектептің  Мақсат Тазабекұлы Айзаттың Республикалық  «Farabi shakirti» журналы мен www.farabishakirti.kz желілік басылым-сайтының редакциясы жолдаған арнайы Жас тілші куәлігін табыстады. Шәкірттерін шығармашылыққа баулып келе жатқан ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекбатырова Бекзат Оразханқызын басылымның Алғыс хатымен марапаттады.

(«Farabi  shakirti»  журналының Өз тілшісі),

Алматы облысы, Кеген ауданы, Алғабас ауылы