Шет тілін меңгерудің маңыздылығы
“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан — дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
Мұхтар Әуезов,
жазушы
Шет тілін меңгерудің маңыздылығы
Қадыр Мырза Әлі « Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп әр адам бала жастан, мектеп кезінен шет тілін үйренгенін құптай отырып, өзінің туған Ана тілін қадірлеп, құрметтегені абзал екенін нақтылап, міндет етіп қойған.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Біздің мемлекетімізде қазақ тілімен қатар ағылшын, неміс, француз, түрік басқа да тілдерді мектеп бағдарламасы арқылы үйретіледі. Соған қарамастан бүгін таңда ағыщшын тіліне басымдық берілуде. Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі. Ағылшын тілі — халықаралық тіл (де — факто — лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай мен испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл.
Ағылшын тілі пәні арқылы елжандылыққа бағытталған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәсіл. Оқытудың инновациялық формаларын қолдану імкер жіне рөлдік ойындар, диспут сабақ, экскурсия, мультимедиялық сабақтар; елжандылық және басқа да тәрбие бағыттарының бірлігі. Айталық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие мен еңбекке баулу әдістерін қолдану арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым — қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай – ақ, мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.
Балаларды оқи білуге, акыл — ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамалыктарды пайдалана білуі керек, оқулық белгілерін түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады. Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл — ой, ерік — жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.
Оқу — ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту — тіл білімін дамытудың басты мақсаты. Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
МАХАМБЕТЖАНОВА Меруерт Абайхановна,
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,
Т.Рысқұлов мектеп — лицейі
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Дереккөзі:
Уикипедия — ашық энциклопедиясы;
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку»
М.,«Просвещение» — 2000