«Шын көңілден айтылған тілекке — шындықпен жауап беру парыз»

ӘУЕЗОВ Мұхтар Омарханұлы,

қазақтың ұлы жазушысы,

қоғам қайраткері, ғұлама ғалым

*Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

*Абайдың барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы күйге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі, соның сыры мен сымбатын көрсететін айнасы. Бұл – Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі.

*Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады.

*Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі.

*Төзім тамаша сипат. Бірақ шексіз ұзақ төзуге өмір тым қысқа ғой.

*Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

*Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

*Күй атасы – Қорқыт.

*Дос таппаған ер азар, басшы бақпаған ел азар.

*Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

*Тумай жатып толдым деме, толмай жатып болдым деме.

*Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!

*Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.

*Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым.

*Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.

*Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.

*Мақал-мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы – осындай тамаша үздік шығарма тудырған қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас даналығының анық айғағы.

*Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ — деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас.

*Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар.

*Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

*Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.

 

Дереккөзі: Bilim-all. kz