Сиверс алмасы

«ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ»

 «Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта  теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.»

Нұрсұлтан Назарбаев, Елбасы, ҚР Тұңғыш ПРезиденті:

                                                                                               «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан.

Әлемге «Сиверс» алмасын танытқан қазақстандық ғалым Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев тірі болғанда 100 жасқа толар еді. Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу инситутының маңдайшасына академикке арналған құрмет тақтасы ілінген. Өзі негізін қалаған ғылым ордасының ауласына Аймақ Жанғалиұлының ізін жалғастырушы ғалымдар, туыстары мен көпшілік қауым ағаш көшеттерін отырғызған. Оның даңқы мұхит асқан. Көзі тірсінде АҚШ-тың бірнеше штатында ғалымдармен жұмыс істеп, америка жерінде қазақ даласында пайда болған алмалардың тәлімбағын ашқан. Академик Іле Алатауындағы жабайы алма, өрік және жүзімнің популяциясын зерттеуге бар ғұмырын сарып етті.  Ол кісі жабайы алманың Алматы айналасындағы 150 түрін анықтап кеткен, пасорттап кеткен. Оның 26-сын құжат жүзінде реттеді.

Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев (15 тамыз1913 жыл., Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ащысай ауылы) – биология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961).
А.Жанғалиев Республика­ның селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген Сиверс алмасының 27 және жабайы өріктің 16-дан аса құнды сорттары-клондарына авторлық куәліктер мен патенттер алды. Сиверс алмасының және жабайы өріктің патенттелген клон-сорт­тары өсімдіктердің селекция­сын­дағы үздік селекциялық жетістікпен және оларды шығару әдістемесін әзірлеушіге «Шапағат» сыйлығы­ның лауреаты атағы берілді.

Қазақстанның жабайы алмасы – әлемдегі алмалардың қолдан өсірілетін мәдени түрлерінің түп атасы. Қаншама мыңжылдықтан бері Жетісу жерінде өсетін жабайы алманы неміс ғалымы Иоганн Сиверс ХVІІІ ғасырдың соңында Орта Азияға жасаған сапары барысында көреді. Жетісу өлкесіне саяхат жасаған Ресей Ерікті экономикалық қоғамының корреспондент-мүшесі, дәрі жасаушы Иоганн Сиверс 1796 жылы жариялаған жазбасында Алакөл маңынан бір керемет ағаш көргенін айта келіп: «Сондай әдемі алма ағашы екен, жемістері Ресейдегі рязаньдық алмаларға ұқсайды, үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай» деп сипаттайды. Табиғатты зерттеуші ғалымдар әлемде мұндай үлкен жабайы алмалардың сирек кездесетінін айтады.

Орта Азияға сапары барысында жабайы алмаларды алғаш зерттеген неміс ғалымы Иоганн Сиверстің құрметіне ғылыми ортада «Сиверс алмалары» атанған алма түптерін кейін қазақ академигі Аймақ Жанғалиев жалғастырып, Сиверс алмасының 40 түрін анықтап, ғылыми сипаттама берген. 1960 жылдары Іле, Жоңғар Алатаула рындағы тоғайларды зерттеген ғалым Аймақ Жанғалиев экспедициясы жемісі мол, аналық қасиеті жоғары жабайы алмалар өсетін 15 учаскені анықтап, картаға түсіргенін білеміз. Олар осы сапарда орташа салмағы 239 грамм келетін, түрі де, түсі де Алматының атақты апортына ұқсайтын таңғажайып жабайы алмаға кез болады.

Раушангүлдер тұқымдасына жататын, саны қысқарып бара жатқан түр. Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы тау сілемдерінде кездеседі. Қазақстаннан тыс Қытайдың батыс бөлігі мен Орта Азияның оңтүстік тауларында таралған. Жапырақты, сирек қылқан жапырақты ормандарда, тау өзені сайларында, тау баурайларында өседі. Жиі шағын, дерлік иін тірескен тұтас тоғайлар, көбіне жекелеген далалар мен жеке топтар болып кездеседі. Бағалы тағамдық ағаш, тау беткейлерін бекітуші, көптеген мәдени сорттың жабайы туысы. Жақсы бал жинаушы, тығыз өскен алма ағаштары 1 гектардан 25-40 кг бал береді. Түр пішінінің алуан түрлілігімен, әсіресе мөлшерімен, түсімен және жемістің дәмәмен ерекшеленеді. Алматы қаласының ботаника бағынан А. Ж. Жанғалиевжетекшілігіменоқушыларбірнешеоңдағанкелешегізоржабайыөсетінтүрлерінжинады. Соңғы жарты ғасырдаауылшаруашылығыдақылдары мен саяжайқұрылыстарыәсерінен алма бақтарыныңкөлеміқаттықысқарды. Түрсоныменқатармалдышектентысжою мен өрттердензардапшегіпотыр. Табиғипопуляцияныңжағдайынөсірудіқолғаалукерек. Популяцияныңбіразы Алматы, Ақсу-ЖабағылыҚаратауқорықтарындаТянь-Шань мен Тарбағатайдыңбірнешеқорықшыларында, соныменқатарІле-Алатау ұлттықпаркіндеқорғалады.

Дерек: aikyn.kz, astanatv.kz, Уикипедия — ашық энциклопедиясы