Сіз дофаминді басқармасаңыз, дофамин сізді басқарады: прокрастинацияны қалай жеңеміз?

Сіз өз-өзіңізді басқарамын деп ойлайсыз. Иә, шын мәнінде, адамдар әрбір іс-әрекетін ойланып жасауы тиіс. Бірақ, біз 21-ғасырдың «жаңа эпидемиясы»-прокрастинацияға тап болдық.
Ғаламторға тәуелділік деген-«off-line» режимде отырып ғаламторды пайдалануға деген құлшыныс немесе «on-line» режимде ғаламтордан шыға алмай қалу қабілеті. Аталмыш тәуелділіктің әсерінен біз бейсаналы түрде белгілі бір амалдарды істейміз. Оның қатарында көгілдір экраннан ажырамау шаралары бар. Сол үшін адамдар сағаттап әлеуметтік желілерді қолданады. Ал, бұл прокрастинацияға әкеледі. Ол бізге маңызды саналатын әрекеттерді де болашаққа қалдырып, ұзақ уақыт істемей жүруімен сипатталады. Зерттеулер көрсеткендей, колледж студенттерінің шамамен 50 пайызы тұрақты және созылмалы түрде кейінге қалдырады, 75 пайызы өздерін «прокрастинатормын» деп санайды.
*Не үшін прокрастинация қауіпті? Секциялық зерттеулер кейінге қалдыру депрессия, алаңдаушылық және стресс белгілерімен, сондай-ақ жалғыздықпен және өмірге қанағаттанудың төмендеуімен байланысты екенін көрсетеді. Демек, ұзақ уақыт бұл күйде жүру адамға аса қауіпті. Сол себепті прокрастинациямен күресті бастау керек.
*Мәселенің тамыры: прокрастинация неден туындайды? Оның себебіне назар салсақ, қазіргі әлеуметтік желілердің жылдам дофамин беруінде екенін түсінеміз. Өйткені, дофамин-бақыт гормоны. Қысқа мерзімді видеолар мен рилстар лезде алынатын қуаныштың қайнар көзі екені рас. Ал, дофамин және лезде қанағаттану: мидың марапаттау жүйесі көбінесе прокростинацияны күшейтеді. Көңілді, жылдам әрекет ету дофамин мен «жақсы сезім» химиялық заттарын шығарады, бұл қиын тапсырмадан аулақ болу әдетін нығайтады екен.
*Шешу жолы: Әрине, сіз қорқатын, дегенімен іске асатын амал-дисциплина. Яғни, сіз шектеу қою арқылы дофаминдік тәуелділіктен арылуыңыз керек. Шектеусіз сіз бұл мәселеден арыла алмайсыз. Анна Лембкенің «Допаминдік ұлт: индульгенция дәуірінде тепе-теңдікті табу» кітабындағы ақпаратқа сай, дофамин мен күйзеліс гормондары бір-бірімен байланысты. Себебі, денедегі тепе-теңдікті сақтау үшін дофамин артқанда күйзеліс гормоны бөлінеді. Ал, оны көп мөлшерде және жылдам алынуы онық қысқа мерзімділігіне әкеледі. Алайда, біз әрекет арқылы ұзақ мерзімді дофаминді де ала аламыз. Мәселен, спорт біраз күшті қажет етсе де, одан кейінгі күй адамды әрі қарай жұмыс істеуге құлшынысын ашады. Міне, бұл салауатты дофаминнің бөлінуі.
*Бұрыс бақыт гормонын алуға үйренген біз не істейміз? Бұрыстан дұрысқа өту- қашан да мүмкін нәрсе. Ол үшін жай ғана дұрыс іс-әрекеттерді жоспарлы түрде жасау қажет. Лездік рахаттан арылу оңай болмаса да, оны іске асыруға болады. Ол үшін детокс қажет. Яғни, біраз уақыт дофаминсіз күнелтуге тура келеді. Мәселен, ыдыс жуу, серуен барысында видео көріп, музыка тыңдамау; күніне 20 минут шамасында қабырғаға қарап, ойыңызға бостандық беру, яғни, миды тыныштандыру. Осы оңай әрекеттер арқылы сіз дофаминнің бөлінуін жоғары деңгейден қалыпты деңгейге түсіресіз.
Сонымен, прокрастинацияның ауқымды әлемдік мәселе екенін түсіндік. Оның себебі, мидың жылдам эмоция алуға үйреніп қалуы. Бірақ, оның шешу жолы бар екеніне көз жеткіздік. Тәуелділіктен арылып, барлық нәрсені өз орнымен, аз-аздан шектеу қою арқылы қолдансақ бұндай проблемаларға кезікпейтінімізді түсіндік. Сондықтан үнемі әлеуметтік желі мен ұялы телефондарды қолдануды қою керек. Өйткені, ол прокрастинацияға әкеледі. Ал, ол — күйзеліске апарар жол. Қанатыңыз қайрылмай әрекет етіп, өмірдің дәмін жоғалтпас үшін өз-өзіңізді шектей біліңіз. Себебі, саналы шекара бостандыққа тең.
БАРАТ Гаухар,
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
«10 ЖББМ» КММ 11 «А» сынып оқушысы,
Республикалық «Farabi shakirti» журналы мен
желілік басылым сайтының Жас тілшісі
кураторы: ЕСЕНҚАБЫЛ Ақбота Русланқызы
Дереккөз: https://solvingprocrastination.com;
https://pmc.ncbi.nlm.nih.gov; https://insightspsychology.org;
Сурет:https://www.youtube.com- Massaget TV