Қазіргі  уақытта  қойма  және  логистикалық  қызметтер  нарығы айтарлықтай  қарқынды  дамып  келеді.  Тұтыну деңгейін өсуіне қарай қоймалық қызмет  және қойма  үй-жайларына  сұраныс  артуда.  Нарықта  жүк  ағындарының  сапалы  сақталуы  және басқарылуын қамтамасыз етету үшін үлкен сақтау орындарын қажет етеді. Соңғы жылдары Қазақстан республикасыда  «бір белдеу және бір жол» бірнеше ғасыр тарихы бар ұлы жібек жолдың қайта жаңғыруы елімізге келіп түсетін кедендік ресімдеуді талап  ететін  Азия  тауарлары  ұлғайып  жатыр,  сәйкесінше  оларды  кедендік  ресім  үрдісі барысында  сақтауды  талап  етеді  яғни  еліміз  заманауи  инновациялық  қоймалардың дамуын талап етеді.

Қойма логистикасы тауарларды сақтау мен бөлуді қамтамасыз ете отырып, кез-келген елдің экономикасының тиімді жұмыс істеуінде шешуші рөл атқарады. Соңғы жылдары Қазақстан Орталық Азиядағы негізгі транзиттік орталық болуға ұмтыла отырып, өзінің логистикалық инфрақұрылымын белсенді дамытуда. Бұл елдің стратегиялық географиялық жағдайына және оның халықаралық саудадағы рөліне байланысты. Қазақстанда қойма логистикасын дамытудың негізгі бағыттары қойма инфрақұрылымын кеңейтуді, заманауи технологияларды енгізуді және көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтиды.

Қазақстанда қойма инфрақұрылымын дамыту логистика секторындағы басым бағыттардың біріне айналды. «DAMU Logistics» компаниясы Орталық Азия аймағындағы логистикалық қызметтердің жетекші операторларының бірі болып табылады. Индустриялық-логистикалық аймақтың жалпы ауданы 210 гектарды құрайды.

Компания қызметтердің кең спектрін ұсынады: көлік логистикасы, контейнер терминалы, уақытша сақтау қоймасы және кеден қоймасы, индустриалды парк және, кедендік рәсімдеу, қойма т.б.

Қойма логистикасы саласындағы жұмыстармен тәжірибелік танысу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және Бизнес Жоғары мектебі, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының 3 курс 6В11301-Логистика (салалар бойынша) мамандығының студенттері «DAMU Logistics» компаниясына барды. Экскурсия барысында студенттер компанияның қызметтерінің толық спектрімен, қоймада тауарлардың қауіпсіздігін және уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін қолданылатын логистикалық процестер мен инновациялық технологияларды басқарудың заманауи әдістерімен танысты.

Бұл экскурсия студенттердің оқу бағдарламасы арқылы алған теориялық білімдеріне құнды қосымша болды. Ол студенттерге логистикалық тұжырымдамалардың практикалық іске асырылуымен танысуға, нақты логистикалық мәселелерді шешу дағдыларын игеруге және логистика мен қойма логистикасы саласындағы білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Бұл іс-шара университет пен бизнес қоғамдастық арасындағы табысты ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады. Мұндай серіктестіктер тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде Біріккен Ұлттар ұйымы белгілеген «сапалы білім беру» төртінші мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді.

Студенттерді нақты іскерлік ортаға тарту және логистика саласындағы жетекші компаниялармен танысу олардың кәсіби дағдыларын кеңейтіп қана қоймай, болашақ мамандар үшін тұрақты және икемді тәжірибелік базаны қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай бастамалар студенттерге өз саласында жұмыс тәжірибесін алуға және теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ бұл білім беру сапасын арттыруға және қазіргі еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді.

 

Ахметова З.Б., Баймуханбетова Э.Е., Исаева А.А.,

Мұса Қ.А.,Тулебаева Н.Т.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Экономика және Бизнес Жоғары мектебі

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *