Түркі әлемінің бесігі

Н.Ә. Назарбаев,
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы
«Ұлы даланың жеті қыры»

Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қа-зақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжыл-дығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі – Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

 

Қожа Ахмет Яcсауи
(1103-1228 жж.)
Әлемге әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі,
кемеңгер, ойшыл ақын
Отыз жасқа кірдім, қылдым қасірет,
Уә, дариға, өтті ғұмырым, қане тағат?
Қанағатшыл Хақ қасында хош-сағадат,
Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар…
Елу алты жасқа кірдім ұңлық басым,
Тоба қылдым, ағарма екен көзден жасым.
Жарандардан ләззат алмай көңілім қалды,
Бір және Барым, дидарыңды көрермін бе?.

 

«Қазақстан» дегенде шетелдіктердің танитыны Нұр-Сұлтан қаласы. Оның символына айналған «Бәйтерек» монуметін айтады. Бір мың жылдық тарихы бар Алматы шаһары. Медеу мұз айдыны. Шымбұлақ демалыс орны. Енді міне, түркі дүниесінің үшінші мың жылдығының бедерінде Түркістан қаласы да шетелдік меймандардың назарында. Оған редакция қызметкерлерінің кезекті іссапары кезінде куә болдық. Оларға кесене алдындағы ақ түйе қызық болды. Айнала қарап шығып, көне қаланың кезінде адамдар қолымен салынған құрылыс нысандарымен танысқандықтарын, Қожа Ахмет Яcсауидің кесенесі ғимаратының құрылысы таңдандырғанын аудармашының сөзінен ұқтық. Оңтүстік өңірге іссапарымыз кезінде қасиетті ғұла-малар мәңгілік мекен еткен орын – Қожа Ахмет Яcсауи бабамызды айналып кетпейміз. Ежелден өзінің ұстазы са-налған Арыстан бабқа алдымен ат басын бұрып, Құран-дұға бағыштау дәстүрімізге айналды. Яғни, Отырар ауданының орталығы – Шәуілдерден өтіп, Арыстан бабқа тоқтаймыз. Мазаратқа тәу етіп келетін адамдар аз емес. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген адамдар толастамайды. Одан әрі Түркістанға жолға шығамыз.
Түркістан – облыс орталығы болып бекітілді. Облыс әкімінің аппаратынан бастап, барлық облыстық басқармалар, мекемелер көшіп, орналасуда. Орталықтың архитектуралық — сәулет келбеті өзгертілуде. Болашақта қала туристік бағытындағы үлкен мегаполиске айналмақ. Соған
орай, Қожа Ахмет Яcсауи бабамыздың кесенесінің айналасы да жаңа бағыттағы заманауи архитектуралық нысандармен толықпақ. Бүгінде бұл нысандардың құрылысы
қарқынды жүргізілуде. Қожа Ахмет бабамыздың өмірі мен ғұмырын сөз еткенде, тарихи деректерге сүйенеміз. 2016 жылды ЮНЕСКО-ның ұйғарымымен «Яссауи жылы» деп жарияланғанын оқырмандарымыз ұмытпады деп білеміз. Түркі халықтарының ежелгі рухани
ескерткіштерінің бірі Ұлы Дала төсіндегі түркі халықтары өмірінде ҮІІІ ғасырдан бастап Ислам діні маңызды факторға айналды. Қожа Ахмет Яссауиді «мұндай тұлғаның бірі» деп алып
отыруымыздың өзіндік мәні бар екені белгілі. Кез келген халықтың рухани-мәдени болмысын сақтауға деген құлшынысы, өзге мәдениеттің екпінді экспансиясына қарсы күресі үнемі жүріліп отыратын құбылыс десек, ХІІ ғасырда діни дәстүр ұстанымы, мемлекеттік басқаруда араб-парсылық ықпалдың тым артып кетуі түркі әлемінде осыған қарсылық тууына әкеліп соқты.
Тарихи дәуір толқынының қайталанаты-нын ескерсек, мұны Патшалық Ресей мен Кеңес Одағы тұсындағы Қазақстан мен Орта Азиядағы түркі әлемінің мәдени-рухани ахуалымен егіздей салыстыра аламыз. Сонау ұлы бабалар Махмұд Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи және басқа ғұламалардың аса үлкен қажыр-қайраты арқасында біртіндеп қолданыстан қалуға айналған түркі тілі мен әдебиеті, дәстүрлі діні қуаттанып, ренессанс дәуірін бастан кешіргені, солқуатты екпіннің күні бүгінге дейін азық болып отырғаны айқын.

Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» – тек сопылық әдебиеттің көрнекті ескерткіші ғана емес, түркі халықтарының ежелгі рухани ескерткіштерінің бірі болып табылады. Яғни Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» еңбегін біз Махмұд Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», Сайф Сараидің «Түрікше Гүлстаны», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Ахмет Жүйнекидің «Ақиқат сыйы», Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырған кітабы» т.б. түркі ренессансы дәуіріндегі аса танымал туындылар қатарына жатқызамыз. Орта Азиядағы аса ірі қайраткері ислам дінінің гүлденіп, өркен жаюына өлшеусіз үлес қосқан Қожа Ахмет Яссауиді біз, жалпы түркі жұртының, соның ішінде қазақ
халқының әдеби-мәдени өміріне бар қажыр-қайратын арнаған шығармашыл тұлға ретінде танимыз. Қожа Ахмет Яссауи – ислам дінін ұстанатын барша түркі халықтарының ортақ ұстазы, біздің халықтарымыздың материалдық құндылықтарға шексіз табынудан, пенделік пиғылдан биік тұратын асқақ рухының символы екендігі сөзсіз.

 

adebiportal.kz және баспасөз
материалдары негізінде даярланды