Түркі жұртын сазымен әлдилеген Әз Наурыз

18  наурыз күні Тастұмсық ауылдық кітапханасы және Олег Кошевой білім мекемесі бірлесіп,  «Түркі жұртын өз сазына әлдилеген Әз — Наурыз» атты наурызнама сағаты   ұйымдастырылды. Іс-шараға қонақ ретінде  Тастұмсық ауылдық аналар кеңесінің мүшелері, Жыланды ауылының аналар кеңесінің мүшелері,   О.Кошевой атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін білім мекемесінің  1 -11  сынып оқушылары қатысты.

Оқырмандар «Наурыз – шаттық берекем» атты И. Исаның    шығармасынан үзінді  сахналады.  Бастауыш сынып мұғалімі Шұлғаубай Үміт Наурыз мерекесінің тарихына қатысты оқушыларға арналған сөзжұмбақ әзірлеп, ұсынды. Бастауыш сынып оқушылары сөзжұмбақты барынша  шешуге тырысты.  Тәлімгер  Балнұр Тәжен «Наурыз тарихы мен тағылымы», шығармашыл ұстаздар Қалымбетова Мақпал  мен Исламова Ақмарал «Наурызнама он күндігі және  оның қоғамдық маңызы»,  «Наурызды тойлау және Ө. Жәнібеков бастаған ұлт зиялыларының еңбегі»  тақырыптарында  өзекті  ойларын орта салды. Ауыл биі арнайы  Наурыз бата берілді.

Қазақ, өзбек, түрік, балқар, татар, әзірбайжан сынды түркі  халықтарының наурызды тойлау мәдениетінің ұқсастықтары өлең-жырына қатысты кітапханашылар  түрлі баспасөз беттерінен жинақталған мәліметтерді оқырман назарына ұсынып, түрлі сауалдар қойды. Оқырмандар  асық атып,  Наурыз жырын оқып, жарысты.  Кітапханашылар «Наурыз – түркі жұртын біріктірер құтты мейрам» және «Наурыз — жаңару күні» атты  баяндамаларымен таныстырды. О.Кошевой атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің директоры Исламбеков Берік :

—Ұлыстың ұлы күні! Бұл сөздің мәні ерек, наурыздың нақышы мен сазы бөлек. Наурыз  – жақсылықтың  нәр алып, жер дүние көгеретін шуақты кезең. Сондықтан,  шығыс халықтары жаңа күнге, жаңа күнге балайды. Жаңа күн  елімізге, жұртымызға жақсылықтар әкеліп, барлығымызға бақыт бұйыртсын ! -деп  ізгі тілегін  білдірді.

«Наурыз жыры» атты ақын  Мұзафар Әлімбаевтың өлеңін Караева Айсун мен Ағалы Алисан оқыды. Кітапханашылар «Бауырластыққа бастаған әзіз мейрам» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Әз Наурыз — адамзат баласына шаттық, щуақты көңіл-күй, ұлттық ойындар легін ілестіріп, кең байтақ даламыздың төсінде  жаңғыра берсін! Бәрінен бұрын Наурыз мейрамы балаларға ойын-күлкі сыйлауда.

ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,

Түлкібас аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі

Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты