Түркі жұртына ортақ қасиетті мекен
Тұңғыш Президент назарына ботаникалық бақтың даму жоспары ұсынылды. Сондай – ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жобасын жүзеге асыру туралы баяндалды.
Анықтама үшін:
«Яссы» ботаникалық бағының жалпы ауданы 7,7 гектар. Бақтың орталық бөлігі раушан гүлдерден және аршадан жасалған ислам ою-өрнектері бейнесіндегі үлкен лабиринтпен безендірілген. Саябақ ішінде раушан гүлдерден ислам паттерндеріне ұқсас гүлзарлар бар. Бұл жерге мыңға жуық ағаш егілген, оның 800 — ден астамы шие, алма, талшын, долана, қызғалдақ ағашы сынды гүлдейтін сәнді өсімдіктер.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысты
Түркістан қаласына сапары барысында Елбасы Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысты, сондай-ақ «Тұңғыш Президент саябағын» одан әрі абаттандыру жоспарымен танысты.
Мемориалдың ашылу рәсімі аясында Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Дала бірлігі» капсуласын салды. Капсулаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі киелі жерлердің топырағы жиналған.
Анықтама үшін:
«Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешен» қазақ хандығының негізін қалаушылардың құрметіне тұрғызылған. Мемориалдың архитектуралық шешімі – биіктігі 7 метрлік сатылы 21 пилоннан тұратын, диаметрі 35 метрге тең киіз үй бейнелі композиция.
Сәулет кешенінің орталық бөлігіндегі гранит тұғырда хандар ұстайтын асатаяқ пішіндес, биіктігі 12 метрге тең стела орнатылған. Оның түбінде төрт таутеке мүсіні бар. Орталық композицияны ішкі жағынан ұзындығы 28 метрлік «Қазақ хандығының тарихы» барельефі қоршап тұр.
*Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынан алынды.
Қазақ хандары
Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі (1465 — 1474 жж).
Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі (1474 — 1480 жж).
Бұрындық хан, Керей хан ұлы, (1480 — 1511 жж).
Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, (1511 — 1522 жж).
Момыш хан, Қасым хан ұлы, (1522 — 1523 жж).
Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, (1523 — 1533 жж).
Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, (1533 — 1538 жж. Жетісу өңірі).
Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, (1533 — 1537 жж).
Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, (1533 — 1535 жж. Сырдария маңы).
Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, (1538 — 1580 жж).
Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, (1580 — 1582 жж).
Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, (1582 — 1598 жж).
Есім хан, Шығай хан ұлы, (1598 — 1628 жж).
Жәнібек хан, Есім хан ұлы, (1628 — 1643 жж).
Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, (1643 — 1652 жж).
Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы, Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), (1652 — 1680 жж).
Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, (1680 — 1715 жж).
Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы),1715 — 1718 жж).
Болат хан, Тәуке хан ұлы, (1718 — 1729 жж).
Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, (1729 — 1771 жж).
Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, (1771 — 1781 жж).
Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841 — 1847 жылдары билеген.
Қазақ хандары