ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚ ЖҰЛҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысында қызыл кітапқа енген қызғалдақ көбейіп, жаңа алқаптар пайда болды.  Табиғаттың әсем туындысы тек Түлкібастағы Шұбайқызыл шоқысында емес, Ордабасы, Қазығұрт аудандары мен Кентау қаласында да жүздеген гектар жерге жайқалып өсті.  Табиғат жанашырлары жазық далада жайқалған грейг қызғалдағын қызықтауға жаңбырлы күн де кедіргі еместігін айтады. Сондықтан олар өсімдіктің бұл түріне зиян келтіретіндерден қорғау үшін аймақты ұдайы бақылауда ұстап отыр.

Өйткені бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақ қызыл кітапқа енгізілген. Сәуір айынан бері табиғат қорғаушыларында тыным жоқ. Полициямен бірлескен олар бақылауды күшейтті. Ондағы мақсат жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған Грейг қызғалдағын қызықтаушылардың заңсыз әретінен сақтау. Ия бұдан былай өсімдіктің бұл түрін жұлғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

     Нұрдәулет Оразымбетов, облыстық ОШ және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

—Қызыл кітапқа енген өсімдіктер яғни, мынау Грейг қызғалдағын жұлған, жойған жағдайда 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға және 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғады. Сала мамандары айыппұлдың өсуі мен жауапкершіліктің күшеюі тәртіпсіздіктің тиылуына әсер еткенін айтады. Биыл Ордабасы ауданының аумағындағы 200 гектар бидай алқабына қызғалдақтың осы түрі жайқалып өсті.

    Нұрдәулет Оразымбетов, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

—Біз ұдайы рейдтік іс шаралар, үгіт насихат жұмыстарын жүргізудің арқасында өздеріңіз көріп отырғандай қазір Грейг қызғалдағы көбейіп жатыр. Оған дейін бұл жерде бидай егілген екен. Бұрын соңды мұндай көрініс болмаған. Қазіргі таңда осындай көріністерге көз жеткізіп жатырсыздар. Дархан даланың тұмса табиғаты шет мемлекеттің туристерін де қызықтырды. Жайқалған қызыл алқапты бұл жолы Біріккен Араб Әмірлігінің саяхаттаушылары тамашалап жүр.

     Мили Шаир, турист:

—Бұл өте әдемі және таңғажайып құбылыс. Мен бұған дейін тек сәндік қызғалдақтарды ғана көргем. Бүгін жазық далада жайқалып тұрған әсем пейзажды көріп таңданып қалдым. Ауа райы қолайсыз болса да батпақ кешкенімізге еш өкінбеймін. Түркістан облысында үш мыңнан аса өсімдік түрі кездеседі. Оның 120-ға жуығы қызыл кітапқа енгізіліп, ерекше қорғауға алынған. Бұдан былай  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы бидай алқабындағы Грейг қызғалдағын бақылауға алып, оны сақтауға ұсыныс әзірлеп жатыр.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан,

Самат Нағашбекұлы,

Нұрмахан Бекмұратов
www.24.kz

фото:SN.KZ