Түркістан облысының педагогтары Финляндия мен эстонияда білім жетілдіруде

Білім жүйесі және оның сапасын көтеру үнемі назарда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров салаға өзі бас-көз болып, игі бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Ұстаздардың білімін жетілдіру арқылы тәрбие бағытын ілгерілетумен қатар жаңа көшбасшыларды анықтаймыз.

Биылғы оқу жылында Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ 2024-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына сәйкес халықаралық оқыту курсын өткізді.

Курс үш кезең бойынша ұйымдастырылды: І кезең онлайн, ІІ кезең Алматы қаласында өтті. Ал ІІІ кезеңде екі кезеңнен іріктелген педагогтар Финляндия мен Эстонияға аттанды.

Облыс педагогтары «Мұғалімдердің болашақтағы және заманауи білім беру сапасын арттыру» тақырыбында білім-білігін шыңдап, Финляндия және Эстония мемлекеттерінің білім беру жүйесімен танысады.

Айта кетейік, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде республикада алғаш рет облыстың 41 педагогы арнайы менеджмент курстарынан өтті. Халықаралық деңгейде шет елдеріндегі оқу курстарында тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ түркістандық ұстаздар мен әдіскерлер Жапонияда «lesson study» әдісі, АҚШ-та «инклюзивті білім беру», Қытайда «техникалық және кәсіптік оқыту» бағыттары бойынша халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. Жаңа оқу жылында да осы үрдіс жалғасып, педагогтар Франция, Малайзия, Сингапур елдерінде арнайы тәжірибелік курстарына қатысады. Мұнда «Келешек мектептері» мен «Мақсатты мектеп» ұстаздарына басымдық беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі