«Өт әсерінен майлардың эмульгациялануы»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Қоректену

Педагогтің аты-жөні: Касымбекова А.А

Күні:

Сыныбы: 9 «А»               Қатысушылар саны: 16      Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Өт әсерінен  майлардың  эмульгациялануы .

Зертханалық жұмыс: «Өттің  әсерінен  майлардың  эмульгациялануын  зерттеу».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.1.2.4-өттің  әсерінен  майлардың  эмульгациялануы үдерісін  зерттеу.

Бағалау критерийлері:

Зерттеу  гипотезасын  дұрыс тұжырымдайды. Нұсқаулыққа сәйкес  зерттеу  жұмысын  жүргізеді. Өттің    майды  эмульгациялануын  зерттейді

Тілдік дағдылар:

Оқушылар  өт  қышқылының  майларды  эмульгациялау  құбылысын тәжірибе жүзінде  бақылай алады, өз жұмыстарының  нәтижелерін  кесте түрінде ,ауызша, жазбаша  көрсете алады.

Пән лексикасы және терминология:  ас  қорыту жүйесі, температура ,  фермент, белсенділігі, қолайлы ,қызмет , қасиет, денатурация, белсенді орталық , құлып,  және  кілт, өт қышқылы тұздары , эмульгация.

Алдыңғы білім

8.1.2.3 адамның  ас қорыту  жүйесінің  құрылысы  мен қызметтері  арасындағы  өзара байланысты  түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты:

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту5 мин.

Педагогтің іс әрекеті:

Оқушылармен  сәлемдесу, түгендеу. Оқушылар бір- біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушының іс әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі. 3   топқа біріктіреміз. Flippity.net -те  оқушылардың аты- жөндері  жазылып, топтарға біріктіріледі.

I топ  Асқазан

II топ  Бауыр

III топ  Өт

Бағалау:

Қолдау көрсету

Ресурстар:

Flippity.net: Flashcards and Other Resources for Educators and Learners.

Жаңа сабаққа кіріспе

Қызығушылықты ояту — 5  мин

Педагогтің  іс – әрекеті:

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір — біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.  Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушыларға  сурет көрсетіліп, сурет бойынша сұрақ қойылады.

Оқушының іс әрекеті:

Суретте не көріп отырсыңдар?

https://vk.cc/cds92y

1.Адамның асқорыту жолының   мүшелерін атаңдар?

2.Бауырдың қызметі қандай?

3 Өт қайда түзіледі?

Бағалау:

Дескриптор:

1. Адамның асқорыту жолының   мүшелерін атайды;

2.Бауырдың қызметін сипаттайды;

3.Өттің қайда түзілетінін анықтайды. Осы  дескриптор негізінде өзін –өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің кері байланысы беріледі.

Ресурстар:

1 слайд

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.  25 минут

Топтық жұмыс

Педагогтің  іс – әрекеті:

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Оқушының іс әрекеті:

Жаңа тақырып бойынша  бейне  көрсетіледі. Бейне бойынша сұрақтар қойылады.

https://youtu.be/48uMwRNF2kI

Оқушылардың құрал-жабдықтарын  тексеріп шығып, сабақтың тақырыбымен  мақсатын анықтайды. Зертханалық жұмыстың орындалу мақсатын оқып шығып , әр топ тапсырманы   топта орындайды.

Зертханалық жұмыс № 3

«Өттің  әсерінен  майлардың эмульгациялануын  зерттеу.

Жұмыс мақсаты: майларды  эмульгациялануын зерттеу.

Гипотеза—————————————————————————————————————————————————Теориялық материал

Эмульгациялау- майдың  ірі тамшысын  ұсақ   тамшыларға бөлу әдісі. Майлардың  сумен тұрақсыз  эмульсия түзетіні  белгілі. Тұрған кезде  тамшылар бірге  бетінде  жиналатындықтан  қабатқа тез  бөлініп кетеді.

Олай болмау үшін  эмульсияға беттік  керілуді  төмендетіп, майдың  бөлшектенген , тамшытәрізді бөлшектерінің  жабысуына кедергі келтіретін  заттар (эмульгаторлар)  қосылады. Ондай заттарға  нәруыздар ,сабын,  сілті ерітіндісі және т.б заттар жатады. Ағзада негізінен май  эмульгаторына жұқа су-май  эмульсияның  түзілуіне  қамтамасыз ететін  өт қышқылы жатады.

Мәліметтер  және  құрал- жабдықтар (құрал – жабдықтардың  бағанаға  тізім  бойынша  жазу)

1.Өсімдік майы

2. 1% -дық сілті ертіндісі  мысалы Na2CO3натрий

3. Өт немесе (хилак форте)

4.дистилденген су

5. Нәруыз

6.  1%- Сабын ерітіндісі

7. Сынауықтар

Қауіп — қатерді  бағалау.

Кестені  дәптерге  сызып  алып толтырыңдар

Қолданылатынэмульгатор

            Байқалатын  әсер

 

 

 

Шайқаған соң

1минутта

3 минутта

5 минутта

7 минутта

10 минутта

1

Өт (хилак форте)

 

 

 

 

 

 

2

Нәруыз

 

 

 

 

 

 

3

Сабын

 

 

 

 

 

 

4

Су

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыстың қорытындысы.

1.Қандай  эмульгатормен  едәуір тұрақты  эмульсия түзілгенін  кестеге  жазыңдар

2.Қолданылатын  реагенттердің  эмульгациялау қасиетінің  тиімділігі мен асқорытудағы  рөлі  туралы  қорытынды жаса.

Зертханалық жұмыстағы  бағалау парағы

Бағалау:

Дескриптор:

1. Гипотеза жасайды

2.Зерттеу жүргізеді

3. Кестеге зерттеу нәтижелерін жазады.

4.Өттің  әсерінен  майлардың  эмульгациялануын  бақылайды.

5. Қорытынды жасайды

Қорытынды жассай отырып топтар бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің кері байланысы беріледі.

Ресурстар:

9-сынып оқулық

Биология

Н.Г.Асанова ,

А.Р Соловьева,

Б.Т.Ибрамимова

Жұмыс дәптерлері

Биология Асанов Н. | OKULYK.KZ

Оқулық, 57 бет

2- слайд

Жеке

жұмыс.

5минут

№2-тапсырма

Оқушының іс әрекеті:

Оқушыларға тапсырма беріледі. Тапсырманы оқып шығып , сұрақтарға жауап береді.

Лаззеро Спалланцани тамақ бұлшық еттің  күш салуынан  емес, ас қорыту сөлінің  көмегімен  қорытылатыны туралы  пікірді XYIII ғасырда  айтты. Мұны  көрсету  үшін , ол іші  қуыс  ұзындығы 2 см  және диаметрі  0,5 см ағаш түтікшені жұтты.Түтікшенің ішінде  кішкене ет болды.Түтікшенің екі жағыда  жабулы , ал қабырғаларында  кішкене  тесіктер жасалған болды..  Екі күннен кейін  ағаш түтікше  оның  бойынан  шықты.  Бұл кезде  ағаш цилиндр бос болды.

Сұрақ: Ас қорыту бойынша эксперимент

1.Осы  экспериментте  Спалланцани  қабырғаларында  тесіктері бар  ағаш цилиндрді  не үшін  қолданды ?

2.Мұны не үшін жасады? Әр пайымдау үшін «Ия»  немесе  «Жоқ» деп жауап беріңдер.

Спалланцани  қабырғасында  тесіктері бар  ағаш  цилиндрді  не үшін  қолданғанын түсіндірудің  бірі бола алады ма?

Ия немесе Жоқ?

Ағаш цилиндр қатты болды, ас қорыту  жолы  бұлшық еттерінің цилиндрдің  ішіндегі  етке әсер етуіне кедергі болды?

 

Ағаш цилиндр тамақты  қорытуға  көмектесетін  талшықтардан тұрды?

 

Ағаш цилиндрдегі  тесіктер  ас қорыту  сөліне  цилиндрдің  ішіне кіріп ,  етке әсер етуіне мүмкіндік берді?

 

Бағалау:

Дескрипторлар:

Дұрыс тұжырымды анықтайды. Анықтай отырып, өзін –өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің кері байланысы беріледі.

Ресурстар:

3- слайд

Сабақтың соңы.

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

Педагогтің  іс – әрекеті:

«Табысқа жету  баспалдығы»  әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды»тәсілі көрінеді.

Оқушының іс әрекеті:

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды  жасайды.

Бағалау:

Мұғалім оқушыларды  «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Мен бүгін сабақта түсіндім», «Жартылай түсіндім», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Ресурстар:

«Жапондық  бағалау».

Интерактивті тақтада көрсетіледі.

«Үйге тапсырма 12 оқу».

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Н.Г.Асанова , А.Р Соловьева  , Б.Т Ибраимова

9 — сынып оқулық,  Алматы  «Атамұра» 2019 — 55 бет

2. А. Соловьева ,  Б. Ибраимова

8- сынып оқулық, Алматы «Атамұра» 2018ж , 54-56  бет

3. Сілтемелер

Flippity.net: Flashcards and Other Resources for Educators and Learners

 4. https://youtu.be/48uMwRNF2kI

 5.  https://vk.cc/cds92y

 


 

 

 

 

 

 

 

КАСЫМБЕКОВА Акмаржан Акарысқызы,

Астана қаласы, Алматы ауданы,

 №42 орта мектеп КММ

 биология пәні мұғалімі, магистрі,сарапшы