Тәуелсіздік — бақытымның бастауы

Қастерлі ел Тәуелсіздігінің 34 жыл толуына орай  Тастұмсық ауылдық кітапханасы мен  Олег Кошевой атындағы жалпы білім беретін білім мекемесі бірлесіп,  «Тәуелсіздік — бақытымның бастауы» патриоттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға » ҚР  Білім беру саласының құрметті қызметкері», М. Лермонтов атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің оқу ісі меңгерушісі А. Ережепова пен Түлкібас аудандық аналар кеңесінің мүшесі У. Ирсалиева   қатысты. А. Ережепова — кешегі ызғарлы желтоқсан жаңғырығын көзбен көрген ауылымыздың мақтанышы.   Аяулы ұстаздың өмір жолы көпке үлгі. Олег Кошевой  атындағы білім мекемесінің директоры Б.Исламкулов іс-шарада сөз алып: «Азаттықтың құны оңай келмеді. Елдің талай асылдары бостандық үшін құрбан болды. Ортамыздағы  А. Шүкірқызындай ұлттың ертеңіне бей-жай қарамаған қазақтың айбынды ұлдары мен  қыздарының ерлігі арқасында жеткен бұл бостандық таңы қымбат»- деп  көпшілікті елдің азат күнін жақындатқан жандарды ұмытпауға шақырды. Қиын кезде ұлт намысы жолында алаңға ойланбай шыққан А. Ережепова апайымыз оқырмандармен емен-жарқын сұқбат құрды.

Қаһарман жан:

— Бұл тәуелсіздік — бәрінен қымбат. Бұл — бағымыз. Оңай келмеді. Талайлардың жаны  осы жолда қиылды. Қыршын кетті. Тәуелсіздікке тәу ету дегеніміз — ұрпақ борышы. Өз бақыттарыңыздың құнын біліп, отан алдындағы борыштарыңызды ұмытпаңыздар!- деп атап өтті.

Оқырмандар балалық шағы, бала арманы, ұлттық намыс пен ар, намыс, ұлағатты ұстаздық жайында тағылымды ойларын ортаға салды.  Оқырмандар «Желтоқсан желі», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», «Тәуелсіз елім — Қазақстаным» атты әндерді хормен шырқап,  елдікке толы Тәуелсіздік толғауларын жатқа оқып берді. М. Лермонтов атындағы  жалпы білім беретін білім мекемесінің кітапханашысы М. Бекетбаева «Жадымызда сақталған Желтоқсан», Олег Кошевой  атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің кітапханашысы Тамаша Османова «Тәуелсіздіктің ақ таңы: Жетістіктер мен мақсаттар» атты ой-толғамдарын оқып, оқырмандарға ой-толғам жұмысы негізінде сауалдар таратты. Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Топанбай Мейірхан «Елдік пен өрліктің арқасында қол жеткен қастерлі Тәуелсіздік» атты баяндамасымен таныстырып өтті. Іс-шара «Тәуелсіздік — бақытымсың еңселі» атты кітап көрмесін тамашалаумен қортындыланды. Қадірлі қонағымыз руханият шырақшыларына жылы ықыласын білдіріп, білім мекемесінің ұжымы мен жалынды жас ұрпаққа өз алғысын білдірді.

ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,

 Түлкібас аудандық орталықтандырылға кітапханалар жүйесі

Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты