Тәуелсіздік таңы

 

Еліміз халқы биыл  Тәуелсіздік мерекесінің 32 жылдығын атап өтеді. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні! Тарих парақтарын ақтарып отырсақ, осынау күнге жету үшін  ата — бабаларымыз ғасырлар бойы шаршамай, талмай күресті. Бүгін біз, Тәуелсіздік туралы айтқанда, ең алдымен  ұрпағына еркін заман сыйлаған бабалар алдында бас иіп, тағзым етеміз. Республикамыз КСРО елдерінің ішінде тәуелсіздігін 1991 жылы ең соңғы болып алғанымен, қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында.

Тәуелсіз еліміздің дамуына мемлекетіміздің әр азаматы қолынан келгенше үлес қосуы қажет. Түрлі сала еңбеккерлері, ұстаздар мен шәкірттер де шынайы ниетімен еліміздің экономикасының алға қарай жаңа заманға лайық бағытта алға қарай қадам басуына аямай тер төгіп келеді. Елімізді танытқан адамдарды қашанда мақтан тұтамыз. Солардың қатарында мектеп оқушылары да тәлімді тәрбиесімен, үлгілі оқуымен, ізденімпаздық қабілетімен танылуда. Жаңа мамандықтарды игеруге қай оқушыны алсақта, бар ықыласын арнайды деп білемін. Мен биыл мектеп бітіремін. Арманымдағы мамандық әділеттіліктің тұмары — журналист болу. Тәуелсіз еліміздің жетістігін зерделейтін кәсіби маман ретінде елімнің болашақта «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының дамуына бар күш – жігерімді арнаймын деген мақсатым бар.

     «Тәуелсіздік күнінің айрықша мән — мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі — өнеге. Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта береміз. Сол арқылы қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсеміз. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы» — деп Мемлекет басшысы бұл тәуелсіздік иесі біздер – жастар екенін атап өтті.

Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі барын барлық адамдар, оқушылар да біледі. Монумент Алматы қаласындағы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Күнде ескерткіш жанынан жүретін адамдар жай өтпейді. Қасына келіп, үнсіз «Желтоқсан құрбандарын» еске алады. Ал шығу тарихына келер болсақ, монумент 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай ашылған.    Ескерткіш тәуелсіздік үшін, ұлт болашағы мен ұрпақ тағдыры үшін жанын қиған қазақ жастарына арналды.

                                              САБИТ Сабина,

                        Алматы қаласы, Алмалы ауданы,

                                            №24 лицейдің 11 «Б» сынып оқушысы.