Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық идеясы

Тәуелсіздік таңы халқымыздың жан дүниесі нұрға шомылып, көздерінен еріксіз ащы жастың тамғаны анық. Тәуелсіздікке дейін қилы кезеңдерден өткеніміз тарихқа аян.

Тәуелсіздік ұғымын өзінде қазақ халқының тарихында болған басқыншылық жорықтар, батырлар мен жауынгерлер, қазақтың қайсарлығы ұлттың киелілігі жатыр.

Бүгінгі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда мәдениет көбінесе қоғамдық жаңару бастауы, шығармашылық өмірді қалыптастыру факторы ретінде көрініс табады. Жаппай батыстандыру рухани азу ықпалы күрт өскен жағдайда оған төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған. Осылайша ұлт зиялылары ұлтты дағдарыстан алып шыға алады.

Бүгінде ойлау жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, ғылымды, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне  жетуге мүмкіншілік бар. Осы мақсатта мына мәселелер қажеттілікті тудырады ол қоғамдық келісім және демократиялық даму, адам және қоғам байланыстары. Осы тұста айта кететін жайт азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ идеясының орны туралы сөз еткенде ұлттық идея мәселесі туындайды. Ұлттық идея – адамдардың ішкі рухани дүниесімен астасып жатуы да заңдылық.

2014 жылы 11 қарашада Елбасы Н.Назарбаев ел тағдырын алдағы күрделі жылдарда айқындайтын терең идеяларды ұсынды. Елбасы өзі ұсынған «Қазақ елі мәңгілік» ұстанымын ұлттық идея ретінде тағы да дәлелдеп береді: «Біздің жалпыұлттық идеямыз – мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмайтын қайран көзі.

Елбасының айтуынша ұлттық идея тек бүгін ғана пайда болған жаңалық емес, ол миллиондаған адамдардың өздерінің түсінуінің жемісі болып табылады. Біздің міндетіміз – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты ұлттық идея қалыптастырып, бүкіл халықтың арман мүддесін жүзеге асыру. Еліміздің ұстанымы өзара тату, бейбіт өмір сүру, ауызбіршілік ынтымақтастықта әр халықтың рухани үйлесімділігін сақтап,еліміздің абыройын асқақтата отырып, әлемдік деңгейге көтеру үшін біздер еліміздің жас буыны ретінде бар күш жігерімізді салып, білімімізді көрсетіп жоғары деңгейлі тұлға болып қалыптасуымыз керек. Қазақстанның негізгі идеясы – Ел тәуелсіздігін баянды ету, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталады.

 

Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы, оқытушы

журналистика факультеті, қоғаммен байланыс-101 мамандығының студенттері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті