Тұңғыш қазақ дикторы
Көрермен Зұлқия Жұматованың теледидардан 1958 жылғы 8 наурызда алғаш рет «Кеш жарық» деген сөзіңіз арқылы ана тіліміздің асқақ үнін естіді.
Алматы музейінде ғұмыр жасы 101-ге келген Зұлқия Мұқанқызымен кездесу өтті. Келгендер есік жаққа алаңдап, ғасыр жасаған кейуананы күттік. Міне, дауысы саңқылдап, кіріп келгенде аңтарылдық та қалдық. Немере –шөберелері бірге келді. Жүрісі ширақ, жиналған көпшіліктің бірқатарын қашықтан танып жатыр. Пандемия ережелерін сақтап, арақашықтықты сақтап тұрмыз. Төрге жайғасқан З.Жұматова айналасына қарап, көзкөргендерді іздегені анық.
—Мына суреттегі кім? – деп кішкентайлардан сұрап қояды.
—Әже, бұл сізсіз ғой, – деп олар да қалжыңдай жауап берді.
Шырайлы кездесуді «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Жиреншина Сәуле Жәнібекқызы ашып, Басқарма төрағасы Танысбай Ләззат Мұратқызының арнайы Құттықтау хатын оқыды. Хатта ғасырдан артық ғұмыры кешіп келе жатқан Зұлқия Мұқанқызына игі тілектер арналған.Халықтың құрметі мен ілтипаты айтылған.
Зұлқия Мұқанқызы 1920 жылдың 20 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Алматы телестудиясы ашылған 1958 жылы дикторлыққа жарияланған конкурсқа қатысып, 750 адамның арасынан үздік шығады.
—Мәдениет министрлігінің өкілдері бастаған комиссия 20 кісіден тұрды. Олар ақылдасып болған соң, «Сіз бірауыздан өтесіз» деді. Артынан білгенімдей, бағанадан бері менімен тілдескен Шәкен Айманов екен. Қасыма келіп ризашылығын білдірді. Сол кезде 1 орынға 750 адам үміткер болыпты. Дәл осылайша, қазақ теледидарындағы тұңғыш диктор болу бақыты менің маңдайыма бұйырды. Қазақ өнерінің қара нары Шәкен Айманов қабылдап, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов батасын бергенінде мақтанышпен айтты.
Сол жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде телехабарлар мен жаңалықтардың жүргізушісі ретінде қатысып, Юрий Левитан, Нина Кондратова сияқты бүкіл одаққа танымал дикторлармен қатар дикторлық өнердің құпиясымен танысады. ЗұлқияМұқанқызықарашаңырақта 1958 жылдан 1970 жылғадейінқызмететті.
FSH