Тақырыбы: Мектепішілік бақылау мен басқарудың мәні және маңызы

ОРАЗБЕКОВА  Сабыркуль  Тулькибаевна,

Алматы қаласы Әуезов ауданы «№133 мектеп-гимназия»

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мақсаты:білім беру ұйымы ішіндегі сапа менеджментін дұрыс құрудың теориялық және практикалық негіздерін игеру. 

  1. Кіріспе

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде мектепішілік басқару мен бақылау — оқу-тәрбие процесінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі тетік. Бұл үдерістер білім беру ұйымының даму стратегиясын айқындап, педагогтардың кәсіби қызметін үйлестіріп, оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Мектепішілік басқару мен бақылау – тек әкімшілік әрекет қана емес, ол педагогикалық ұжымның бірлескен шығармашылық жұмысын ұйымдастырудың негізі.

  1. Мектепішілік басқарудың мәні

Мектепішілік басқару – бұл білім беру ұйымының ішкі ресурстарын (адам, материалдық, әдістемелік және ақпараттық) тиімді ұйымдастыру мен үйлестіру арқылы білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі әрекет.

Басқарудың негізгі қызметтері:

  • Жоспарлау –меткеп дамуының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
  • Ұйымдастыру – педагогикалық процесті тиімді құрылымдау.
  • Ынталандыру – мұғалімдердің кәсіби белсенділігін арттыру.
  • Бақылау және түзету – орындалған жұмыстың нәтижесін бағалау және кері байланыс негізінде шешім қабылдау

Басқарудың бағыттары:

  • Оқу процесін басқару
  • Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
  • Әдістемелік жұмысты үйлестіру
  • Педагогикалық кадрлармен жұмыс
  • Ата-аналармен және қоғаммен байланыс
  1. 3. Мектепішілік бақылаудың мәні

Мектепішілік бақылау – бұл мектепішілік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде оқу-тәрбие процесінің жағдайы мен нәтижелерін жүйелі түрде зерттеу, талдау және бағалау процесі.

Бақылаудың мақсаты:

  • Оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру
  • Педагог қызметкерлердің жұмысын әдістемелік тұрғыда қолдау
  • Ішкі сапа менеджментін жүзеге асыру
  • Әкімшілік шешімдер қабылдауға негіз жасау

Бақылау түрлері:

  • Жоспарлы және жедел (күтпеген)
  • Жаппай және жеке
  • Құжаттық, ауызша, сабаққа қатысу арқылы бақылау
  • Өзара бақылау және өзін-өзі бақылау

Бақылаудың кезеңдері:

  1. Жоспарлау – бақылау мақсаты мен формасын анықтау
  2. Өткізу –бақылау жүргізу (сабаққа қатысу, әңгімелесу, құжаттар талдау)
  3. Талдау – алынған мәліметтерді сипаттау.
  4. Қорытынды жасау және шешім қабылдау

Кері байланыс беру – ұсыныс, нұсқау, қолдау көрсету.

4.Мектепішілік басқару  мен бақылаудың өзара байланысы

Бақылау – басқарудың құрамдас бөлігі. Басқару әрекеттерінің тиімділігі бақылау нәтижелері негізінде бағаланады. Бақылау арқылы анықталған кемшіліктер басқару шешімдерін қайта қарауға, оқу-тәрбие процесін түзетуге мүмкіндік береді.

Бақылаусыз басқару – бағытсыз қозғалыс,
Басқарусыз бақылау – мақсатсыз әрекет.

5.Мәні мен маңызын қорытындылау

Мәні Маңызы
Жүйелі ұйымдастыру әрекеті Білім сапасын арттыру құралы
Басқару шешімдерін қабылдау негізі Мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету
Ішкі даму стратегиясын анықтау Педагогикалық ұжымды біріктіру
Ресурстарды тиімді пайдалану Оқу процесіндегі проблемаларды анықтау
Мектеп ішіндегі тәтіп пен мәдениетті қалыптастыру Жауапкершілік пен кәсіби рефлексияны дамыту
  1. Қорытынды: Мектепішілік бақылау мен басқару — мектептің дамуын қамтамасыз ететін негізгі тетік. Тиімді ұйымдастырылған басқару жүйесі мен әділ әрі әдістемелік бағытталған бақылау білім беру сапасын арттырып қана қоймай, педагогтардың кәсіби дамуына жол ашады. Қазіргі заманғы мектеп басшысы бақылауды жазалау құралы емес, қолдау мен дамыту құралы ретінде қарастыруы тиіс.