Табыс — сенің еңбекқорлығыңа тікелей байланысты

Табыс — сенің еңбекқорлығыңа тікелей байланысты
ҰБТ-ға дайындықтың маңыздылығы – әр мектеп бітіруші түлек үшін білімнің сынағы. Сол себепті, мектеп бітіру сынағына оқушылар ерте бастан дйындалып,арасында аралық тесст тапсырып өзінің білім деңгейін анықтайды. ҰБТ нәтижесіне орай әр жас қалаған мамандығы бойынша орта және жоғары оқу орындарына құжат тапсырып, студент атанады. Мектепішілік тест тапсыруға дайындық басталғанда, менде ҰБТ қашан пайда болды деген сұрақ туындады. Бздің ата-аналарымыз емтихан тапсырып, сұрақтарға жауап бергенін әлі күнге естелік етіп айтады.
Деректерді іздестіре бастағанда, https://bilim-all.kz/ сайтында, әлеуметтік парақшаларда жарияланған қысқа мәәліметпен таныстым. Онда ерте заманда басталған антикалық Грецияда білім алушылардың білім деңгейін бағалауда ақыл-ой өрісінің дамуын жəне дене икемін бақылайтын əртүрлі сынақтар жүргізілді. Ал б.з.б. VI ғасырларда Қытайда мемлекеттік қызметке алуда үміткерлердің ақыл-ойының деңгейін бағалайтын алғашқы тесттер пайда болды.
Алғаш рет 1884 жылы АҚШ-да тест материалды қамтылған тест кітаптары шығарылды. Оның негізгі мазмұны математика, тарих, навигация, грамматика пәндерінен жинақталды жəне бес көрсеткіш жауаптардан тұрды.
Тестілеу жүйесінің қалыптасуына ағылшын ғалымы Фрэнсис Гальтон үлкен үлес қосты. 1901 жылы АҚШ-да Тестілеу жүйесі мемлекеттік деңгейде қолдау тапты. 1901 жылы 17 шілдеде колледжге түсу үшін тестілеу жүйесі құрылды. 1926 жылы орта мектепке арналған тестілеу жүйесі құрылды. Ал 1933 жылы Кеңес елінде алғаш рет тест тапсырылды.
Кейін 1992 жылы Қазақстанда тестілеу жүйесі енгізілді. 1995 жылдан бастап студенттерге «рубежка» тесті кеңінен қолданылды. Ал 1999 жылы кешенді тестілеу енгізілді.
Бүгінгі таңда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) — әрбір мектеп бітіруші түлек үшін маңызды кезеңдердің бірі. Бұл сынақ жоғарғы оқу орнына түсуге, мамандық таңдауға және болашақтағы жолыңды анықтауға әсер етеді. Сондықтан бұл емтиханға алдын ала жақсылап дайындалу — өте маңызды.
ҰБТ-ға дайындық бір күндік немесе бір айлық шаруа емес. Бұл — бірнеше ай, тіпті бір жылға созылатын үдеріс. Оқушылар күнделікті қайталау жасап, өз білімін жетілдіруі керек. Бұл жерде тек мектепте алған білім жеткіліксіз болуы мүмкін. Қосымша дайындық, тест кітапшалары, онлайн платформалар арқылы дайындалған дұрыс. Мысалы, bilimland.kz, testcenter.kz секілді сайттар жақсы көмек береді.
Жақсы дайындалу үшін ең алдымен жоспар құру қажет. Аптаның қай күнінде қай пәнге дайындалатыныңды нақтылап алсаң, уақытты тиімді пайдаланасың. Сонымен қатар, тест шешкенде қателеріңді қарап, сол тақырыпты қайта қарау — білімді бекітуге көмектеседі. Кейбір оқушылар дайындық кезінде күйзеліске түсіп жатады. Бірақ ең бастысы — сабыр сақтау. Бар күшіңді салып, ниет етсең, Алла да жар болады.
ҰБТ — өмірдің соңы емес, тек бір сатысы ғана. Бірақ оны жеңіл қарап қою да дұрыс емес. Сондықтан әрбір жас бұл сынаққа барынша жауапкершілікпен қарап, өз арманына жетуге бір қадам жасау керек. Дайындық — табыстың кілті. Ал табыс — сенің еңбекқорлығыңа тікелей байланысты.
ЕРБОЛАТ Елбақыт
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ізұтты Айтықов ауылындағы
Қасым Қайсенов атындағы орта мектептің түлегі.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі
Мәліметтер алынған дреккөзі:.bilimland.kz; testcenter.kz;openai.com
Сурет:https://altainews.kz/