Тамшыбұлақ

Алматы облысы,  Қапал ауылындағы «Тамшыбұлақ» туралы тұрғындардың айтуынша, дертке дауа, жанға шипа іздегендер осы Тамшыбұлақтың суын ішіп, сырқатынан сауығып жатады екен. Бұлақтың әр бір бұрышының өзіндік емі бар дейді. «Мәселен, бұлақтың үстінгі жағы көз ауруына өте пайдалы. Ал енді бір бұрышы бауырға, бүйрекке, асқазанға жақсы. Мұнда әсіресе үлкен кісілер келеді. Осы жерден бұлақтың суын ішеді. Сонда емдік қасиеті жүреді деп айтады». Қайнар бұлақтың ерекше әсемдігі Ұлыбританияның әйгілі саяхатшысы Томас Аткинсонды да таңқалдырған. Олар 1848 жылы Қазақстанға келіп, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттеген. Сол кезде қазақ жерінде дүниеге келген тұңғыш ұлдарының есімін Алатау-Тамшыбұлақ деп қойған. Бүгінде бұл есім Англиядағы үлкен бір әулеттің тегіне айналып отыр. Ал өткен жылы ғана Аткинсонның ұрпағы Стив Браун Тамшыбұлаққа арнайы келді.