Терең және іргелі білім — бастауышта
Еліміз мектептерінде білім беру – даярлық тобы, бастауыш, орта буын жжәне жоғары сынып деп бөлінеді. Ауылдық жерлердегі мектептер жанынан шағын орталықтар ашылып, мектепке даярлық жүргізіледі. Қалаларда орталық – балабақшаларда бүлдіршіндерді мектепке дайындайды. Даярлық тобынан келген бүлдіршінді мектеп табалдырығынан бастауыш сынып мұғалімі бірінші сыныпқа қабылдайды. Бірінші сыныптың оқушысына бала деп қарағанымызбен, оның да өзіндік пікірі бар. Көзқарасы бар. Бірінші сынып мұғалімін ұнату, ұнатпау деген ойы бар.
«Бастауыш сынып, балалар кішкентай, оқитын пәндері де аз, осы сендердің уақыттарың көп» — деп айтқан әріптестеріміздің сөзін естіп қаламыз. Бүгінгідей технологиялар мен техника жаңалықтары қарыштап дамып жатқанда, бәрінен бұрын бастауыш сынып мұғалімі жаңа заман білімімен «қаруланып», бағдарламаларды толық меңгеруге тырысуы қажет. Осы салада өтетін арнайы курстарға, тренинг сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасуы – уақыт талабы. Бастауыш сыныптардағы осы заманғы оку-тәрбие процесінің принциптерін, оған қойылатын талаптарды айкындамастан бұрын осы жас тобына жататын балалардың мұғалімі кандай болуы керек екенін анықтап алу қажет. Менін, ойымша, мұғалім қызметінде жандана түсетін оқушылармен жұмыс тәсілдері, принциптері, формалары егер ол солар арқылы өзінің оқушыларға деген ізгі, мүдделі қарым — қатынасын жүргізбейтін болса, балалар ұжымында оптимизм, ынтымактастық пен жолдастық рухын орнатпайтын болса, әр оқушының өз күшіне деген сенімін ұштай алмайтын болса өздігінен жақсы да, тиімді де бола алмайды.
Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істегенде, бірінші сыныптан бастап, әр шәкіртпен жеке, топтық негізде әңгімелесуді жиі өткіземін. Бұл үрдіс қазіргі кезде сөйлесу, ата – ана арасындағы қарым – қатынас, ертегілер мен әңгімелер айту азайған шақта өте қажет деп білемін. ХХІ – ғасырдың жиырмасыншы жылдарының балалары анасының құрсағында жатып, инетернетті меңгеріп алған десек, күлеміз. «Бесікте жатқан немерем қолымен телефонды әрі – бері шұқылап өзіне қажетті мультфильмді тауып алыпты» деп қуанамыз. Заман ағымына ілесу – заңдылық. Біз қазір, дамыған интернет заманында өмір сүрудеміз. Алайда, «Ел боламыз десек, бесігімізді түзеуіміз» керек. Бесік жыры, ананың әлдиімен нәрестені ұлттық құндылықтар аясында ауыздықтандырғанымыз абзал.
Бала үшін басты тұлға отбасында ата – анасы, ата – әжесі болса, балабақшада – тәрбиеші, мектепте – бастауыш сынып мұғалімі. Ұл – қызымыз ең алдымен ата – анадан үйренеді, үлгі алады. Мектепте ұстазы – шәкір үшін ең беделді адам, яғни оұушы алдында биік тұлға бола білуі шарт. Айтайын дегенім, ұстаз шәкіртке ұнаса, сөйлеген сөзі, мінезі, киген киіміне дейін ұнатуы тиіс. Мұғалім – бірінші сыныпта бір балаға дұрыс көңіл бөлмеді делік, немесе оған көп ескерту айтып, ұрса берді, бұл жайт оқушыға ұнамады. Соның салдарынан сабағына ден қоймай, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарама – қайшылық дами түсті. Бұл жағдайда, ата – анада ұстаз туралы баласына жақсы пікірлер айтып, ұстаздың әдемі тұстарын айтып, бала алдындағы ұстазына деген жақтырмаған көзқарасын түзеуі қажет. Кейде, біздерде керісінше пікір қалыптасып, оқушының ұстазға деген, ата – ананың мұғалімге деген пікірлері жақсы болмай қалуда.
Шәкіртке білім ұстаз арқылы дариды. Балалар мұғалімді өзінің жан дүниесін жаркырататын досы, тәлімгері, жетекшісі ретінде көруі үшін өзінің қалай ұстануы қақында ұстаздың ойланғаны жөн. Бастауыш сынып оқушысы кез келген білімді мұғалім арқылы кабылдайды. Ол оку мен ұстазды ажыратпайды. Егер бала мұғалімді жақсы көрсе, демек ол окуды да жақсы көреді, мектепті де, сабактарды да, кітаптарды да жаксы кереді, мұғалімді жақсы көрмей, одан қаймыкса, демек ол окуды азап көреді, киналады, мектепке кұлқы соқпайды. Жаксы көрген мұғалімінің пікірі, бағасы окушы үшін адамдарға, олардын кимыл — ісіне карым-қатынас жасаудың нұскасы болып табылады. Оқушылар өздеріне әрдайым көмекке келіп, табыстарына қуанатын, сәтсіздікке үшыраған сәтте көңілдерін көтеретін мұғаліммен карым-қатынас жасау соншалық кызықты екенін сезінуі тиіс. Бастауыш сынып окушыларының жиі кателесуі, есепті түсіне алмай қиналуы, елеңдеу және тағы басқалар болуы мүмкін. Бастауыштың мұғалімі төрт жыл бойы әр баланың өскеніне, ержеткеніне, жетілгеніне қуана білуін көруі керек. Тек осындай жағдайда ғана бала өзінін, ілгерілеуін байкап, өзі мен өзінің күшіне сене алады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда мұғалім оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс», «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі», «Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз», «Мұғалім — зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті» деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы, К. Ушинскийдің айтқан осынау даналықтары ұстаздың жігерін жанып, нағыз педагог болуға ұмтылады. Сол ұстаздардың бірі өзімде баланы оқытуды өмірлік ұстанымым деп білемін.
ЖАНТЕНОВА Ақмарал Жолдыбаевна,
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №15 — гимназия
бастауыш сынып мұғалімі.