ТЖ министрлігінде өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы брифинг өтті

—2025 жылғы 9 маусымда Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында «Өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев сөз сөйледі, — дейді farabishakirti.kz Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Баспасөз орталығының ақпаратына сүйеніп.

ТЖМ өрт қауіпті кезеңінің басталуымен әкімдіктермен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Оның қауіпсіз өтуі үшін шаралар кешені қабылданды. Экология министрлігімен бірлесіп ведомствоаралық жоспар бекітілді, табиғи өрттерге, оның ішінде шекара маңындағы мемлекеттерге ден қою алгоритмдері түзетілді.

Қазіргі уақытта министрліктің командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді.

Өрт ошақтарының алдын алуға және ерте анықтауға басты назар аударылады. «Орман» және «Табиғат» ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарының бейнебақылау деректері, космомониторинг және ТЖ ГАЖ арқылы өрт жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Өңірлерде аумақты тазарту және жырту жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ орманды дала алқаптарында профилактика басталды.

Қазіргі уақытта орман алқаптары бар өңірлерде Министрліктің және табиғат қорғау мекемелері әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Өңірлердегі ахуалға мониторинг жүргізу үшін ҰҰА ұшуларының тікелей көрсетілімі ұйымдастырылды. ТЖ министрлігінде аэровизуалды барлау үшін 165 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

Мамыр айында еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды, оның шеңберінде орман шаруашылығы мекемелерімен 258 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Ауылдық жерлерді төтенше жағдайлардан қорғау деңгейін арттыру үшін  «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы іске қосылды. Красная поляна, Қызылсуат, Жарсуат, Матыбұлақ, Глуховка, Ақбай, Майдантал және Киев ауылдарында сегіз өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл бекеттер қажетті техникамен, жабдықтармен және нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ еріктілерді орналастыру үшін жағдай жасалған.

Сонымен қатар өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 140 орман өрті, 8 дала өрті және 1 113 дала жануы тіркелді.

Табиғи өрттердің негізгі себептері адам факторы болып табылады, атап айтқанда: құрғақ өсімдіктерді рұқсатсыз жағу және өртті абайсыз пайдалану.

Халықпен түсіндіру әңгімелері, мектептердегі қауіпсіздік сабақтары және басқа да акциялар ұйымдастырылды. Полициямен және әкімдіктермен бірлесіп 6 мыңнан астам рейдтер мен патрульдеу жүргізілді, нәтижесінде 3 мыңға жуық бұзушы адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ТЖМ негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әр өңірде тұрақты негізде үгіт-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Ата-аналармен де, балалармен де жұмыс жүргізілуде, бұл кездесулер, әңгімелер, брифингтер, рейдтер, интерактивті, ашық және практикалық сабақтар, сынып сағаттары. Мектепке дейінгі мекемелер қамтылған. Барлық жастағы балалар үшін жыл бойы ТЖМ бөлімшелеріне экскурсиялар ұйымдастырылады. Жұмыс жазғы кезеңде де тоқтамайды.

Өңірлердің білім беру ұйымдарының базасында 2,5 мыңнан астам «Жас құтқарушы» үйірмесі мен кадет сыныптары жұмыс істейді. Үйірмелердің әлеуеті өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу үшін де пайдаланылады.

Жыл сайынғы «Жас құтқарушы» республикалық жарысы маусым айында Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған, оған облыстық жарыстардың жеңімпаздары қатысады.

Балалардың қауіпсіздігі мәселелері халықаралық деңгейде де белсенді пысықталуда, республикалық жарыстардың үздік жеңімпаз командалары халықаралық жарыстарға қатысады. Биыл Шымкент қаласынан келген жас құтқарушылар Беларусьте өткен XVIII халықаралық жас өрт сөндірушілер слетіне, ал Солтүстік Қазақстан облысынан келген жас құтқарушылар Әзербайжанда өткен  халықаралық жарыстарға қатысады.

Республиканың барлық мектептерінде «Мектеп Парламенттерінің жас ТЖ министрлерімен» жұмыс жүргізілуде.

Халықаралық балаларды қорғау күнін ауқымды мерекелеу аясында ТЖМ іс – шаралары балалардың үйде, көшеде және демалыста қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын және ТЖ-да жүріс-тұрыс ережелерін қалыптастыруға бағытталған «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» ұранымен өтті.

Қорытындылай келе, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырамыз:

— ормандарда және ашық жерлерде от жақпаңыз;

— жанып тұрған сіріңкелер мен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз;

— табиғатта шыны ыдыстарды қалдырмаңыз, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;

— өрт туралы дереу 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыз.

ТЖМ, Қызмет бағыты Өрт қауiпсiздiгi