Волонтерлік мәдениет: әлемде қалай дамып жатыр?

ТОҚАЕВ Қасым-Жомарт Кемелұлы,
Қазақстан Республикасының Президенті:
«Еріктілер өнегелі істері арқылы қоғамды дамытуға зор үлес қосады. Жанашырлық – қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Қазақстанға жер аударылған талай этнос өкілдерін бауырына басып, барын бөліскен. Сондықтан бүгінгі жиынның мақсаты халқымыздың болмысымен үндес екені сөзсіз.»
Волонтерлік қызмет — жеке тұлғаның өз еркімен, өтеусіз түрде қоғамға пайда әкелу мақсатында атқаратын ісі. Бұл қызмет түрі әлеуметтік жауапкершілікке, адамгершілікке, сондай-ақ еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Волонтерлік қызмет – қоғамның ынтымағы мен бірлігінің негізін қалайды.
Волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі. Қиын-қыстау кезеңдерде немесе табиғи апат салдарынан бұзылған орындарды қалпына келуіне септігін тигізеді. Ол адамзаттың әлеуметтік дамуына ықпал етіп, қоғамдағы моральдық деңгейдің жоғарылауына жағдай жасайды. Сонымен қатар, волонтерліктің экономикадағы рөлі мен маңызы да зор. Мемлекеттің және жеке секторлардың қолдауымен, ерікті жобалар әртүрлі экономикалық салаларға әсер етеді.
Мысалы, әлеуметтік өмірдегі рөлі ерекше. Волонтерлік қызмет әлеуметтік байланыстарды нығайтады, тұлғаның жауапкершілігін арттырады. Еріктілер қоғамға көмектесу арқылы өзінің жаңа қырларын ашып, дамыта алады. Сондай-ақ әлеуметтік қарым-қатынасы жетіледі.
Волонтерлік мәдениет әлемде әр елдің мәдени ерекшеліктеріне байланысты түрліше дамып келеді. Мысалы, АҚШ-та еріктілік қызметі кеңінен дамыған және қоғамда белсенді түрде қолданылады; бұл елде жергілікті ұйымдар мен үкімет волонтерлікті жан-жақты қолдап, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырады. Еуропа елдерінде, атап айтқанда Германия, Франция және Ұлыбританияда да волонтерлік мәдениет маңызды рөл атқарады: Германияда еріктілерге заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетілсе, Ұлыбританияда арнайы бағдарламалар мен жобалар арқылы волонтерлік қызметті дамытуға баса назар аударылады.
Мемлекеттік саясаттар мен бағдарламалар. Әлемнің жетекші елдерінде волонтерлік қызметті қолдауға арналған түрлі мемлекеттік саясаттар мен бағдарламалар бар. Мысалы, Германия волонтерлерге арнайы салықтық жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдер беріледі. Ал, Канада мен Ұлыбританияда түрлі волонтерлік агенттіктер мен платформалар жұмыс істейді. Волонтерлік қызметтің түрлі салалары бар. Атап айтсам, әлеуметтік жобалар, табиғатты қорғау, білім беру. 2024 жылғы мәлімет бойынша 275 мың волонтер тіркелген, оның ішінде 43 пайызы 29 жасқа дейінгі жастар. Жастардың көбі әлеуметтік волонтер қызметіне қызығушылық танытқан. Волонтерлік қызметтің қоғамға әсері зор. Ол әлеуметтік теңсіздікті, экономикалық тұрақтылықты қалпына келтіруге септігін тигізеді.
Қазақстандағы волонтерлік қызмет. Елімізде соңғы жылдары еріктілер жұмысының сұранысы артып келеді. Әлеуметті жобалар мен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Бұл процесс мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен жаңа қарқын алуда. «Жастар жылы» аясында волонтерлік қызметтер, шаралар жүзеге асырылды.
Қорыта келе, волонтерлік мәдениеттің болашағы өте зор. Әлемдегі әрбір елде бұл саланың маңызы жыл сайын артып келеді, әсіресе табиғи апаттар мен әлеуметтік дағдарыс кезінде. Волонтерлік қызмет тек қайырымдылық мақсаттарын ғана емес, коғамдағы жауапкершілікті, ынтымақтастықты және даму перспективаларын да қамтиды. Волонтерлікке деген көзқарас қоғамдағы орнына қарай өзгеріп отырады. Қоғамда оның маңызы мен қажеттілігі артып келе жатқанын көруге болады.Волонтерлік мәдениет әлем бойынша дамып, адамдардың бір-біріне көмек көрсетуге,қоғамның дамуына және жақсаруына үлес қосуға мүмкіндік береді.
ӘЛІМ Кәусар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай селосы,
Құрман орта мектебінің 11-сынып оқушысы,
Республикалық «Farabi shakirti» журналы мен
www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі
Жетекшісі: МЕДИНАЕВА Гүлна Максотовна,
Сурет:https://egemen.kz/