«Ясауитану-2023 Республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен  жалпы білім беретін оқу орындарының  6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану-2023»  республикалық байқауының облыстық кезеңі 2023 жылғы 1 наурызда онлайн түрде өткізілді.

 

Байқаудың негізгі мақсаты — қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.

Байқауға Целиноград ауданы мен Көкшетау, Қосшы қалалары және Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған   № 3 облыстық мамандандырылған  мектеп — интернатынан  барлығы 16 оқушы қатысты.

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде хикметтер жатқа оқылды. Екінші кезең бойынша қатысушылар жасырын ұяшықтарды таңдау арқылы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындармен мараптталған қатысушылар:

Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп -интернатының     10-сынып оқушысы Қайырбек Дарина — І орын.

Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының    11-сынып оқушысы Толеубаева Ажар  — II орын.

Целиноград ауданы,  Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Аманбек Гулайым —  II орын.

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Саттібекова Жаннур — ІІІ орын.

Қосшы қаласы, Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ержан Ақтоты —  ІІІ орын.

Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының     8 — сынып оқушысы  Үсен Қазына — грамота.

Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының   9 — сынып оқушысы  Тельман Үлжан  — грамота.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!

                                                              Ақмола облысының білім басқармасы