«Қыз Жібек» фильмінің 50 жылдығына орай басты ролдегі актерлер көрерменмен кездесті

     18 қазан күні «Қыз Жібек» кинотуындысына арналған деректі фильмнің премьерасы өтті. Оған фильмнің басты кейіпкерлері – кино және театр актрисасы Меруерт Қаратайқызы Өтекешова, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, сценарист Инна Смайылова қатысты.

      Деректі фильмді түсіру туралы ой айтқан М.Өтекешова, ұлттық құндылығымызды дәріптеп, махаббат пен адамгершілік, адалдық пен бауырмалдылыққа толы, салт-дәстүріміз  толық сақталған «Қыз Жібек» фильмі арқылы ең алдымен жас ұрпақты тәрбиелеуге тамшыда болса да үлес қосу мақсаты екенін айтып өтті. Шамамен  XVII ғасырда жазылған «Қыз Жібек» дастаны негізінде түсірілген фильмнің көрерменмен қауышқанына жарты ғасырдан асып барады. Иә, деректі фильмді түсіру идеясы Төлеген – Құман Тастанбековтікі болыпты. Алайда актер өмірден 2017 жылы озғандықтан,деректі фильмнің аяқталу сәті бүгінге бұйырған. «Қыз Жібек” фильмін 1969-1970 жылдары ауылдың клубында көріп, ол клубқа ауыл адамдары сыймай далаға шығарып қойып, көрген едік. Бүгінде отбасымен отырып көретін фильм экраннан түспей келеді.

Аңыз адам Асанәлі Әшімов көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиналған көпшілікке фильмнің түсірілуіндегі қиыншылықтар. Кейіпкерлерді таңдау, «Қыз Жібек» дастаны жазылған ғасырдағы қазақтардың киім киісі, тұрмыс-салт, әдет-ғұрпы жайлы айтып, фильмде сол заманға лайық  адрлар түсіруге көп мән берілгеніне тоқталды.

Қыз Жібек ролінде ойнаған «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің  иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс, профессор Меруерт Өтекешева екеуінен басқа актерлер о дүниелік болып кеткендіктен, олар туралы да жылы тебіздер айтылды. Қазіргі кезде кино түсіру оңай, ауыр аппараттарды арқалап жүрмейсің. Ең бірінші Бекежан роліне 7-8 адам құжат тапсырып, кастингтен өткен екен. Төлегеннің роліне 12 адам, ал Жібек роліне 500 тарта қыз келіншектер таласқан екен. Меруерт Өтекешева: «Мен 10 сыныпта оқып жүрген кезім, мектепке келіп мені көріп, студияға келуімді сұрады. Бардым. Мені әртүрлі кескінде суретке түсірді. Жұдырығым түюлі болды, өйткені үйге қайтуға алып шыққан 5 тиынымды қайда қоярымды білмегенін айтты.

—Әкем Қаратай соғыс ардагері қауіпсіздік комитетінде қызмет еткендіктен, қызмет бабымен әр қалаға көшіп жүрдік. Орыс мектебінде білім алдық. Бірақ үйдегі тәрбие қазақша болды. Маған суретші Гүлфайруз Исмайлова, Фарида Шарипова, Бикен Римовадай өнердегі қайталанбас тұлғалар көп көмектесті. Атқа шауып, шашу шашатын жер бар кинода. Сол атқа мінуді, шабуды  екі айда үйрендім. Бірінші рет киноға түсуім. «Қыз Жібекке» түскенде арнайы актерлік факультетте оқыған жоқпын. Құманның  қонтайшы туды алып қашқанда, қонтайшының атына секіріп мініп туды жұлып алатын эпизод бар. Режиссер Сұлтан Ходжиков сол жерді өзің ойлап табасың, сен жылқышының баласысың, саған сенеміз деген. Міне сол жерді Құман өзі жасады.

Фильмде тек қана Қыз Жібек пен Төлеген, Бекежан ғана емес өз заманының Кененбай Қожабеков, Мұхтар Бақтыгереев, Әнуар Молдабеков, Фарида Шәріпова, Қанабек Байсеитовтей танымал актерлері, драматургтер, киносыншылар, сахна сыртында киноны түсіруге қызмет көрсететін көптеген мамандық иелерінің бірлесіп, жұмыла шығармашылықпен еткен еңбегінің жемісі.

—Кино саласына келген әрбір жас та жүрек пен жан тыныштығы болмаса актерлік шеберлікке үйрету мүмкін емес деп есептеймін. Сондықтан мен әрқашан жүректе толқудың болуына ерекше мән беремін. Маған қазір 70-тен астым, бірақ жүректегі толқу әрқашан менімен бірге, ал егер ондай толқуды жоғалтсаң, бұл күйге оралу қиын»,-деп Меруерт Өтекешова өзінің жас актерлерді шеберлікке шыңдап келе жатқан ұстаздық жолы туралы ойын да айтып өтті.                                                         

   Априза АЙТБАЕВА,

«Қазақстанның құрметті журналисі».

Cуреттер: IAPN.KZ  сайтынан алынды.