Жүректерде қуаныш, мейірім шуағы мен арман оты лауласын!

Мамыр айының 25-і еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, 2024-2025 оқу жылы қорытындыланды. Мектеп әкімшілігі ұстаздар мен шәкірттердің оқу жылы бойы жеткен жетістігін бағалап, арнайы Алғыс хат, төс белгілерімен марапаттады. Әр сыныптың оқушысы жеткен білімінің нәтижесін, ұстаздары білім беріп, тәрбиелеген оқушыларына уақытын босқа өткізбегенінің жемісін көрді. Бірінші сыныптың оқушысынан бастап, бір саты жоғарылап, келесі жаңа оқу жылында есейіп, жаңа пәнмен, сабақ беретін пән мұғалімімен танысатынын ойлап барады.

Мектепте соғылған соңғы қоңыраудың мектеп түлектері үшін айрықша екені айтпаса да түсінікті. Мектеп бітіргелі отырған қай

түлекті алсақта,  жүректерінде арман оты алаулап, қолдарына он бір жылдық мектепті бітіргендігі туралы аттестат алған сәттен республикамыздың іргелі жоғары оқу орындарының есігін қағып құжат өткізу мақсаты тұр алдында. Ең басты сынақ ҰБТ-дан шекті нәтижеге қол жеткізу үшін «Қайталау – оқу анасы», — деп қолына қайта оқулықты алып дайындыққа кіріспек.

Биылғы оқу жылы еліміздің бірнеше облысындағы мектеп түлектері үшін мамандық таңдауда адаспады дейміз. Республикалық мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға, орта және жоғары оқу орындары оқытушылары мен білім алушыларына, сала мамандарына, ардагерлер, ата-анаға арналған FARABI  SHAKIRTI  журналы мен https://farabishakirti.kz  желілік басылым-сайтының 15 жас тілшісіне куәлік тапсырылып, шығармашылыққа баулыған жетекшілері журналдың Алғыс хатымен марапатталды.

Жылда журналистикаға қадам басамыз деген түлектердің шығармашылығын шыңдап келеміз. Биыл оқу жылы бойы еңбектеніп, өздерін қызықтырған, толғандырған тақырыпқа қалам тартып, мақалалары журнал беттері мен желілік басылым-сайтында үзбей жарияланып келе жатқан шәкірттер арасынан 15 – і жас тілші атанды. Оның 9-і мектеп түлектері.

Атап айтсақ, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған мектеп – интернатынан Еркенур Саттыбаева, Ақзере Туркебай, Нұртілеу Тұрлыбай, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Малик Майра Маликқызы. Алматы облысы, Қарасай ауданы KursantShool мектебінің түлегі Узакбай Арайлым, жетекшісі — Сәулімбай Айғаным Серікқызы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданынан Әлім Кәусар, жетекшісі – Мединаева Гүлнар Максотовна, Жамбыл облысы, Қордай ауданынан – Сағындық Аяжан,  жетекшісі — Касенова Айгул Жантугеловна. Қарағанды және Теміртау қалаларынан Ализах Ақниет, жетекшісі – Сағындықова Салтанат Санекеевна,  Барат Гаухар, кураторы – Есенқабыл Ақбота Русланқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданынан Төлеуханова Нұрдана, жетекшісі – Нурсейтова Ақерке Тулеутаевна.

Қадірлі мектеп түлектері! Мақсатарыңа жетіп, алдағы уақытта еліміздің Media саласының үздік журналисі атануларыңа тілектеспіз!

Жоғарыда есімі аталған түлектер білім алған мектептің директорлары мен ұстаздарына, соның ішінде Алматы облысы, Қарасай ауданы KursantShool жеке меншік мектебінің директоры Оралбек Сиезбекұлы мен Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «№8 Өтеген батыр» атындағы орта мектебінің директоры Турлымбекова Айкеш Кадырбаевнаға алғыс білдіреміз.

Сонымен қатар, түлектердің ізін басып келе жатқан Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының 9 «Е» сынып оқушылары Алина Айдынқызы, Арайлым Темирханова мен Инабат Сүндетқалиға Жас тіліші куәлігі  мекттепте өткен  мектеп оқушылар мен түлектердің «Үздіктер шеруі» жиынында тапсырылды. Жетекшісі: таpих жәнe құқық пәндepінің мұғалімі Сисекешева   Айгерим Мергалиевна редакцияның Алғыс хатына ие болды. алдағы уақытта гимназия әкімшілігі мен ұстаздарға ізгілік гұрын тілейміз!

Жүрегі қалаған мамандықты таңдап, болашақта сол салада еңбек етуге талпынған шәкірттер мен түлектерге сәттілік тілейміз! еліне адал еңбек ететін адал ұрпақтан болсын дейміз!

Құрметті Ата-аналар! Ұл-қыздарыңыздың болашаққа басқан қадамы құтты болсын! Сіздер  ұрағыңызбен мақтансаңыз, Сізден өнеге алған ұрпақ сізді ғұмырлық мақтан тұтсын!

Ж.КУЧУКОВА, «FSH»