Жаңа өмірге жолдама

Жаңа оқу жылынан бастап “Әлем әдебиеті” атты үйірме мектебімізге жол ашты. Назипа Аюбаева бізге тек шет тілді кітаптарымен таныстырып қана қоймай,сергіту сәті мен көңілді сабақтар ұйымдастырады.
Соның ішінен өзіме ұнайтын сабақтын бірі-қалдықтармен жұмыс. Бір күн бұрын бізге бөлмемізден керек емес,қолданбайтын заттар әкелуімізді сұрады. Біз бос бөтелкелер,пакеттер және қорабшаларды алып бардық.
Бізді “ART and Creativity” клубы қарсы алды. «ART and Creativity»клубы – шығармашылық пен өнердің үйлескен мекені. Мұнда әркім өз ішкі әлемін еркін білдіріп, жаңа идеялар мен шабытқа толы сәттерді бастан кешіреді. Клубтың мақсаты – қатысушыларға шығармашылық әлеуеттерін ашып, бірегей тұлға болуға көмектесу.Кітапханаға кіре салысымен,айрықша сезім пайда болып,алдағы жұмысқа ынтамыз арта түсті.
Клуб мүшелері ART объектілерінің маңызын,қыр сырын түсіндіріп,одан әрі шығармашылықты бастап кеттік. Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды, ластану деңгейін азайтуды және қоршаған ортаны қорғауды бізге үлгі қылған клубқа алғысымыз шексіз!
Қалдықтарға жаңа өмір сыйлаулан бөлек оқыған шығармамыздағы оқиғаларды,кейіпкерлерді бейнелеп,креативті әрі сыни ойлауды қалыптастырдық!
ҒАНИҚЫЗЫ Дәрия,
Алматы қаласы
Абай РММИ-дің 10-сынып оқушысы