Жақтауда темекі шегіп отырған
Қостанай облысында оқушы қыз терезеден құлап кетті.
Жітіқарда 16 жастағы қыз терезе жақтауында темекі шегіп отырып, бесінші қабаттан құлап кетті, -деп хабарлайды sn.kz ақпарат агенттігі.
5 шілде күні сағат 02:40-та облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне Жітіқар қаласындағы №9 орта мектепке қарама-қарсы орналасқан қараусыз қалған амбулатория ғимаратының бесінші қабатының терезесінен 2007 жылы туған қыз құлап кеткені туралы ақпарат түскен.
Жәбірленуші терезенің алдында темекі шегіп отырған, сонан соң басы айналып, төмен қарай құлап кеткен, – деп хабарлады ТЖД.
Бойжеткен бел омыртқасының және қабырғасының сынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Фото: freepik