Жайлы мектеп- жарқын болашақ кепілі

«Жайлы мектеп» — заманауи білім беру кеңістігінің жаңа деңгейі. Бүгінде елімізде білім беру жүйесі тың серпінмен жаңғырып, жаңа бағыттармен дамып келеді. Бұл бастаудың айрықша көрінісі ретінде “Жайлы мектеп” жобасын байқауымызға болады. Бұл–бастама үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешуді, сондай-ақ оқушыларға сапалы әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруды көздеген маңызды қадам. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған бұл жоба қазіргі заманның талабына сай, қауіпсіз, ыңғайлы әрі озық инфрақұрылыммен жабдықталған мектептер салуға бағытталған.
«Жайлы мектеп» – Қазақстанның әр өңірінде қауіпсіз, керекті құралдармен жабдықталған. 2025 жылға дейін елімізде 208 білім орны салынуы жоспарланған. Аталған жоба аясында Астана қаласында бірнеше мектептер пайдаланылуға берілді. Мысалы, Нұра ауданында №100 жаңа мектеп ашылып, 2000 орынға толтырылған. Бұл білім ошағында 4 спорт залы, 130 оқу кабинеттері, 450 орындық асхана сонымен қатар, коворкинг орталығы қарастырылған. Жобаның басты ерекшелігі-заман талабына сай оқу ортасын қалыптастыру. Атап айтсақ, барлық интерактивті тақта мен компьютер бар. Бұл – білім беру процесінің заманауи технологиялармен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Интерактивті тақталар мұғалімдерге сабақты қызықты әрі тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Олар арқылы көрнекі материалдар мен тапсырмалар көрсетуге болады. Ал оқушылар үшін бұл құралдар сабаққе белсенді қатысуға, білімін тереңдетуге жол ашады. Сонымен қатар, әр оқушының компьютермен қамтылуы – цифрлық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді.
Екіншіден, робототехника және кәсіптік кабинет жағдайы қарастырылған. Бұл — оқушылардың ғылым мен техниканы тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді. Робототехника кабинеті арқылы оқушылар инженерлік ойлау қабілетін дамытады, түрлі құрылғылар құрастырып, нақты жоба жасай алады. Ал кәсіптік кабинет–болашақ мамандық таңдауға бағыт береді. Онда оқушылар тігіншілік, электр техникасы сияқты әртүрлі салаларда тәжірибе жинақтай алады. Бұл– “қолөнерді дамыту” идеяларын іске асыратын маңызды орта.
Келесі, коворкинг алаңы, шығармашылық студиялар, кітапханалар оқушылардың жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Коворкинг алаңы– оқушылардың бірлесіп юұмыс істеуіне арналған еркін кеңістік. Мұнда олар топпен жұмыс істеуді, пікір алмасуды үйренеді. Ал заманауи кітапханалар– тек оқу орны ғана емес, сонымен қатар, ақпараттық орталық, зерттеу және өзіндік даму орны қызмет етеді. Бұл кеңістіктер оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттырып, жеке қабілеттерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, «Жайлы мектеп» — тек заманауи ғимарат емес, бұл сапалы білімге, кемел келешекке бастар берік баспалдақ. Жаңа технологиялармен жабдықталған бұл мектептер-еліміздің келешегі үшін қарайған инвестиция. Дәл осындай білім орындары еліміздің түкпір-түкпірінде көбейсе, Қазақстанның болашағы бәсекеге қабілетті жастардың қолында болары сөзсіз.
ӘЛІМ Кәусар,
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай селосы,
Құрман орта мектебінің 11сынып оқушысы.
Жетекшісі: Мединаева Гүлнар Максотовна
Сурет:https://shyndyq.kz/