Жас тілшілерге сәттілік тіледік!

Алматы қаласы білім басқармасының Медеу ауданындағы №172  мектеп-гимназиясына арнайы барып, Республикалық «Farabi  shakirti» журналы мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым — сайтының   Жас  тілшілері, 11 – сынып оқушылары —  ҚҰРМАШ Жайна  мен МАМАНОВА  Мадинаға «Жас тілші» куәлігі тапсырдық. Қолдарына куәлік алған оқушылар шынайы қуанышын жасыра алмады. Редакция ұжымына алғыс айтып, болашақта таңдаған мамандығының нағыз шебері болуға ұмтылатындықтарын жеткізді.

Жас тілші куәлігін куәлігін тапсыруға 11 «Ә» сынып жетекшісі — Иманбекова Рашида Оспанқызы қатысты.

Педагог-ұйымдастырушы Ахылбекова Дина Камалбайқызы оқушылар жиынын жүргізді.

Басылымдардың редакторы Ж.Кучукова, журнал туралы мәлімет айтып, оқушылар сұрақтарына жауап берді.

Қарағанды: дәл сол мезетте, Қарағанды қаласы, №59 ЖББМ 11-сынып оқушысы, мектептегі белсенді түлек САҒЫНДЫҚ  Зереге де көктемгі демалыс алдында игі тілектер айтылып, Республикалық «Farabi  shakirti» журналы мен www.farabishakirti.kz  желілік басылым — сайтының   Жас  тілшісі куәлігі тапсырылып, шығармашылық жетекшісі, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің мұғалімі ОРАЗБАЕВА   Жанар  Кенжебайқызы редакцияның  Алғыс хатымен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы,  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11-сынып оқушысы «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» Дінмұхаммед  АХАНОВ пен шығармашылық жетекшісі  ТӨКЕНОВА  Әсел  Нұрланқызына Алғыс хат, сонымен бірге Алматы қаласы Білім басқармасының  Әуезов ауданы, «№13 мектеп-гимназиясының» 11-сынып оқушысы  МӘУЛІТ Аружанға жас тілші куәлігі ІV – тоқсан басталғанда табысталады.

      Жас тілшілер мен ұстаздарға сәттілік тілейміз!                                                   (Өз тілшімізден).

FSH