Жасанды интелекттің білім саласына әсері

Бұл күндері әлемдегі басты мәселелердің бірі білім алумен байланысты. Соған қатысты жақында ғана оқушылардың ChatGPT-ді бақылаусыз қолдануы көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Наразы халықтың толғандаратыны жасанды интеллекттің білімге әсері, жастардың білім деңгейі мен олардың болашағы.  Бұл, расымен де,  шектеуді қажет ететін зат па, әлде дамудың келесі сатысы ма?

Жалпы, 21-ғасырды білім мен инновациялар заманы деп жиі айтады. Бірнеше онжылдықтың ішінде әлем жаңа кейіпке енді. Дәл сондай өзгерістердің әсері білім саласын да айналып өтпеді. Мәселен, қазіргі оқушылар ақпаратты тек оқулықтан алмай, ғаламторды да жаңа білім құралына айналдырды. Ендігі кезектегі жаңалық – жасанды интеллект. Десек те, оның білім алу саласындағы рөлі бәріне айқын түсінікті емес.

Қайткен күнде де, наразы топпен қатар ашылуларды қолдайтын топтар да болады. Сәйкесінше, жасанды интеллекттің болашақтағы мүмкіндіктерін түсініп және оны осы күндері де пайдаланып жүрген жандар бар. Мысалы, Дмитрий Нестеренко жасанды интеллекттің білім саласындағы әсерін оң бағалап, келешекте әкелетін жеңілдіктерін атап өтті:

  1. Ескірген білім жүйесінде бір сыныпта әр деңгейлі оқушылар бірге оқиды. Мектептердің жетіспеушілігінен 20-дан аса оқушыға 45 минутта тақырыпты толық түсіндіріп, практика жасауына мұғалімдердің физикалық тұрғыда қауқары жетпейді. Ал, жасанды интеллекттің көмегімен оқушының танымдық қабілеттерін арттыруда жеке оқу бағдарламасын құрып, сол бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болады.Өз кезегінде бұл ой Марк Цукербергтің осы пікірімен де ұштасады:» ЖИ жеке қажеттіліктер мен стильдерге бейімделе отырып, метаверстегі оқу жолдарын жекелендіре алады»
  2. Жасанды интеллектің тағы бір ерекшелігі-оқушының қай материалды меңгеріп, қанша уақытын оқуға жұмсағанын, оқудағы прогрессі мен жетілдіру керек тұстарын көрсете алады.
  3. Ең қызығы, бұл тенденция болашақта бағалау жүйесін жоюы да мүмкін. Яғни, болашақта  жасанды интеллект емтихансыз-ақ оқушының деңгейін анықтай алатын болмақ.

Шотландиядағы орта мектеп мұғалімі Эйлин Уоллес жасанды интеллект сыныптағы тұйық оқушылардың өзін-өзі қауіпсіз сезініп, ойларымен бөлісуіне көмектесетінін айтады. Солайша, олар өздерінің пікірлерінің бағалануынан қорықпайды дейді.

Осындай сияқты адамдардың болжамдары бар. Десек те, бұл алыс емес, жақын болашақта болады деп үміттенеміз. Ең бастысы, білім алу саласына жасанды интеллект зиян келтірмей , керісінше дамуына ықпал етеді сенеміз. Ол үшін біз аталмыш құрады дұрыс бағытта пайдалануымыз керек. Сонда ғана жасанды интеллект білім саласына жақсы әсер ете алады.

БАРАТ Гаухар,

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

«10 ЖББМ» КММ 11 «А» сынып оқушысы.

кураторы: ЕСЕНҚАБЫЛ  Ақбота Русланқызы

      Дереккөзі:https://time.com; https://youtu.be

Сурет:https://turanews.kz/