«Жасанды интеллект арқылы қандай мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз?»

[1]Жасанды интеллект жүйелері – арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллектің жеке аспектісін ұдайы өндіретін техникалық жүйелер. Жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салалары:
- роботтехника
- сараптамалық жүйелер;
- есептерді әмбебап шешушіні жасау;
- бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау;
- пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы диалогын қамтамасыз ететін интеллектуалды интерфейсты жасау. [1]
[2]1956 жылдың жазында Джон Маккарти есімді америкалық бағдарламашы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференцияда бұл терминді алғаш рет қолданған. Ол компьютерлік бағдарламалаудағы ең алғашқы тілдердің бірі Лисптің негізін салған. Жасанды интеллектінің дамуына қосқан үлесі үшін Маккарти зейнет жасында Тюринг премиясының лауреаты атанады. [2]
Жасанды интеллект — адамзатқа ашылған жаңа мүмкіндіктердің бірі деп ойлаймын. Себебі, ол қазіргі заманда адам өмірін түбегейлі өзгертті десем қателеспеймін. Ол арқылы бізге жаңа мүмкіндіктер есігі ашылуда. Қазіргі танда көптеген бағдарламалар жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Мысалы, бизнес саласында да ЖИ-дің маңызы өте зор. Кәсіпкерлер тұтынушылардың сұранысын алдын ала болжау, қаржылық операцияларды автоматтандыру және маркетингтік стратегияларды жетілдіру үшін жасанды интеллектті пайдаланады. Бұл компаниялардың тиімділігін арттырып, уақыт пен ресурстарды үнемдеуге көмектеседі. Сондай-ақ жасанды интеллект білім беру жүйесін де өзгертті мысалы, адамдар қандай материалдар сұраса оны тез арада тауып жазып береді.
Жасанды интеллекттің адамзатқа тигізер пайдасы көп екендігін түсіндім,және де білім беру саласында тағы да өзгерістер енгізілді олар білім беру саласында үлкен өзгерістер енгізді. Интерактивті оқу платформалары мен интелектуалды репититорлар оқушылар мен студенттерге жеке оқу жоспарларын ұсынып,олардың білім деңгейіне сәйкес бейімдеді. Жасанды интеллект-адам өмірін жеңілдететін ерекше технология. Ол білім, медицина, Бизнес және күнделікті өмірде бізге көмектеседі. Айталық, мен үшін жасанды интеллекттің туғызар көмегі керек ақпаратты тез тауып, тез қимылдайды және керек видио,фотоны монтаждап өз көмегін тигізеді бұл күнделікті оқушыларға өте тиімді құрылғы десем қателеспеймін.
Дегенмен оны дұрыс пайдалану маңызды. Болашақта ЖИ адамзатқа одан да көп мүмкіндіктер сыйлайтынына сенімдімін. ЖИ-дің негізі артықшылықтары адамдардың жұмысын жеңілдетеді, уақыт үнемдейді, қателіктерді азайтады, үлкен көлемдегі деректерді жылдам өңдейді және т.б. ЖИ- ің адам өмірін туғызатын әсері адамзат үшін үлкен мүмкіндік әрі үлкен жауапкершілік алып келеді және болашақтағы өмір саласын арттырудың негізгі жолдарының бірі деп ойлаймын.
Қазіргі заманда жасанды интеллект адамның ойына кіріп шықпайтындай ой салады және әр салада да қабілеті бар екенің көрсетті.
СҮНДЕТҚАЛИ Инабат,
10 «А» сынып оқушысы.
Жетекшісі: СИСЕКЕШЕВА А.М.
№42 «Ақ ниeт» гимназиясының таpих жәнe құқық пәндepінің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.
Дереккөзі: [1] «Уикипедия» ашық энцеклопедиясы; [2]Informburo.kz;
Сурет: https://qazaqtimes.com