Жастар және мотивация: Арманға жетудің жолы

Сурет: ашық дереккөзінен алынды.

Бізде, жастар да арман көп. «Армандар орындалады» — дейді. Мектеп бітірер әр түлектің көкейінде қазір бір арман. ҰБТ сынағынан шекті балл жинап, жүрек қалаған мамандықты игеру үшін еліміздегі Жоғарғы оқу орындарының бірінің студенті атану.  Оқу грантына ие болу. Одан кейін алған мамандық бойынша еліміздегі іргелі өнеркәсіп, өндіріс орындары мен мекемелердің бірінде еңбек жолын бастау. Жастық жалының арманы әрине, мұнымен шектелмейді. Армандар орындалу үшін әр жасқа, адамға – мотивация керек.

Неліктен жастар мен мотивацияны біріктірдік? Себебі, арманға жету үшін жастарға ең қажет нәрсе  — мотивация. Арман – мақсатқа жетелейді. Бұл ұғым – адамды мақсатын орындауға итермелейтін ішкі немесе сыртқы күш. Мотивация арқылы жастар армандауға, талпынуға, алға ұмтылуға бейімделеді.

Ал арманға жету ше? Бұл жол өте күрделі! Мысалы: қазіргі таңда көптеген жастар өз арманына мотивация арқылы жетіп жүр. Мәселен, қарапайым ауыл мектебінде оқитын оқушы күнделікті еңбектің арқасында шетел университетіне грант ұтып алып, өз мақсатына бір қадам жақындады. Бұл – мотивация мен табандылықтың нақты көрінісі. Көпшіліктің көкейінде ауыл мектебі, қаламен салыстырғанда білім сәйкес емес деген аікір айтады. Бұл қате пікір екенін ауылдық елді мекендегі оқушылардың жетістіктерін көріп, марқайып қаламыз.

Мақсатың қаншалықты айқын болса, оған жетудегі жол оңай болмайтыны ескер. Бірақ, арман жолының туын ілген уақытта ғана, көрген сынақ, қиындықтарыңның не үшін тұрғанын түсінетін боласың. Мақсатсыз, армансыз адам – тізгінсіз аттай екендігін ұмытпа.

Қазіргі таңда: жастар, мотивация, арман ұғымдары үштік егіздей қатар жүреді. Мүмкіндіктің келер сәтін күтіп жүріп, арман жолының бағытын бұзып алмайық. Армандайық. Мақсатымызға еңбегіміздің тері арқылы қол жеткізейік. Сонда ғана адам баласы бұл өмірдің жалынының ыстығын сезеді! Жастардың қазіргі талпынысы – болашаққа жасалған ирвестиция.

Тоғжан  ТӨЛЕГЕН,

Алматы облысы, Іле ауданы,

«№24МКМ лицейінің»  11 – сынып оқушысы.

Жетекшісі: Аяулым Сағынғали, «Алатау ТВ» телеарнасының

тілші-редакторы