Жазғы демалыс лагері балалардың ойын сергітеді

      «Ұйымдастыру ісіндегі барлық мәселе 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары шеңберінде пысықталуда. Осы мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Барлық демалыс орталықтарының тізімі әзірленіп, олардың дайындығы қамтамасыз етілді.

       «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген оқушыларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылдық жерлерден келген көп балалы отбасынан шыққан балаларға басымдық беріледі.

      Жалпы, еліміз бойынша 2,9 млн бала жазғы демалысты 10 743 демалыс лагерінде: 10 мың — жыл бойы сауықтыру орталықтарында, 240 мың — қала сыртындағы орталықтарда, 2,6 млн – мектеп жанындағы лагерьлерде, 75 мың — шатырлар мен киіз үйлерде өикізеді деп күтілуде.

(Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтынан).

Биылғы оқу жылы аяқталар сәтте Алатау ауданында орналасқан Алматы қаласы білім басқармасына қарасты № 156 жалпы білім беретін мектеп ата – аналар жиналысы өткізіліп, оларды жазғы демалыс кезінде ең алдымен балалар қауіпсіздігінің сақталуы жөніндегі ережелермен таныстырылды. Кейінгі кездері ата – аналардың алаңсыздығынан балалар арасында түрлі жағдайлар орын алуда. Сол себепті, балалардың қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің сақталуы бойынша «Жазғы демалыстағы қауіпсіз ережелер» туралы жан  — жақты талқыланды. Атап айтсақ, «Жол қауіпсіздігі», «Өрт қауіпсіздігі), «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Табиғаттағы қауіпсіздігі», соның ішінде  бала қауіпсіздігін сақтау ұл – қыздары бастауыш сыныпта оқитын ата – аналар бұл ережелерді жадында сақтауы қажет.

Балалардың қауіпсіздігінің жазғы демалыс кезінде сақталуда мектеп жанынан ашылып, кезең – кезеңмен жұмыс жасайтын жазғы лагерлердің алатын орны айрықша. Кейбір ата – ана баламыз тоғыз ай мектепте оқыды, енді тағы оларды лагерге шақыру бала үшін қаншалықты маңызды деп келіспеушіліктерін де айтып жатады. Мектеп жанынан жұмыс істейтін лагерлердің мақсаты 10 ішінде, оқушылардың бір топта бірге шығармашылықпен айналысуына, спортен шұғылдануына көп уақыт бөлінеді. Бастауыш сынып мұғалімдері жетекшілік жасаған лагерде жас ерекшеліктеріне қарай оқушылар бірнеше топқа топтасады. Басқа сыныптың оқушыларымен танысып, достасады. Бірге ойнайды. Алматы қаласының музейлеріне, саябақтарына саяхат жасайды. Ойын ойнап, тынығады.

Лагердің мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді, өзі қалаған іспен айналысуы үшін балаларды топтастырып, олардың дос болуына, бір – бірін сыйлап, қиын тапсырмаларды орындауда біріге білуге үйрету. Сонымен, қатар Алматы қаласы, оның аудандары туралы айтып, индустриальды – экономикалық  әлеуетімен қашықтан таныстырып өту. Еліміздің қалалары мен ауылдары жайлы да қысқаша мәліметтер беру. «Қайталау – оқу анасы» — деген даналыққа сүйене отырып, әр баланың сөздік қорының көбеюі үшін ана тілімізде еркін сөйлеуіне көп көңіл бөлу. Спортпен шұғылданып, қаланың көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастыру.

Жылда мектебімізде бастауыш сыныптары үшін ұйымдастырылатын лагердің биылғы ерекшелігі —  оқушылар үшін барлық жағдай жасалды. Биылғы оқу жылы аяқтала мектеп жанынан лагерь ашылып бастауыш сыныптардан 500 – ге жуық бала жазғы демалыстың алғашқы он күнінде тамаша демалды деп айта аламыз. Біздің мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» балалар лагерін ұйымдастырып, оқушылардың күнделікті келіп-кетуін қадағалаған мектеп директоры Теміргалиева Манар Бидахметқызының орасан еңбегін атап өтуге лайықты. Лагерге келуші оқушылар күніне бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Әр баланың тегін тамақпен қамтылуын, тамақтың сапасын және көрсетілген тамақ беру кестесін асхана қызметкерлерінің сақтауын, балалардың демалысының бағдарламаға сай өткізілуін қадағалап, топ жетекшілеріне ақыл – кеңесін беріп отырды.

 

«Аққу» тобының  жетекшісі — Дюсембаева Сания Мырзабековна, «Лучик» — Акбошанова  Айдана Тлековна, «Достық» тобы — Темірханова Айгерім Мейірханқызы, «Палитра»  — Рекалинова Наргиза Усипжановна, «ОйлаNike» — Мұсатаева Нұргүл Мырзаханқызы, «Қыран» тобы — Бейсенбекова Алия Каримқызы, «Радуга» — Касенова Жанар Алдабердиевна, «Қарлығаш» -Ердинбекова Жанерке, «Ботақан» — Касайнова Арай Сериковна, «Ғунчә» тобы — Исмаилова Паридам Асановна, «Һасан-hүсән» тобы — Исамдинова З.А. «Бірлік» тобы — Саржанова Н.Д., «Құлыншақ» тобы — Нурадинова Б., «Берёзка» — Алепова Бостангуль Баситовна басқарған топтағы оқушыларымыз жазғы демалыстың алғашқы 10 күндігі ойларынан шықты деп білеміз.

«Күншуақ» балалар лагеріндегі бастауыш  1-4 сыныптардағы оқушыларға жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар берілді. Тапсырмалар ұлттық құндылықтар негізіне сүйене отырып, орындалды.  Шәкірттеріміз оқу жылы барысында оқулық бағдарламаға сәйкес өткен тақырыптарды қайталап, ертегілер мен тақпақтарын айтса, 3-4 сынып оқушылары өздерінің армандары туралы эсселер жазды. Таза ауада асфальтке суреттер салды. Спортпен шұғылданып, топ арасында жарыстар ұйымдастырылды.

Балаларды қорғаудың Халықаралық күні аталып өтті. Оқушыларамызбен циркке апардық. Саябақта ата – аналарымен бірге қыдырдық. Ұстаздар оқушыларға мереке туралы қысқаша әңгімелеп бердік. 4 – маусым Мемлекеттік рәміздер күні Көк туымыз, Әнұран мен Елтаңбаның тарихы туралы оқушыларға сұрақ қоя отырып, рәміздердің тарихы, авторлары туралы айттық. Рәміздер туралы тақпақтар айтқыздық. Көктуымызды әуелете көтерілетін халықаралық спорт додалары – олимпиадада жеңіске жеткен спортшыларымыз жайлы айттық. Санаулы күндерден кейін Германияда  футболдан қтетін халықаралық жарыс туралы айтып бердік. Әнұранды  әр бала балабақшадан қолын оң жақ кеудесіне қойып, күнде таңертеңгілік шырқайды. Мектепте алғашқы сабақ басталар сәтте бар шәкірт сыныптарда Әнұран айтуды дәстүрге айналдырды. Елтаңба еліміздегі барлық мекемелер мен мектептің төрінде мәңгіге ілінген.

Осы атқарылған шаралардың барлығы дерлік бүгінгі шәкірттің бала жастан Отанын шын ниетімен сүюге, халқы үшін қалтқысыз еңбек етуге, ұлттық құндылықтарымызға баса назар аударып, оны қастерлей білуге, қасиетті ана тілімізді құрметтеп, қазақ тілін шыңға шығаратын ұрпақ тәрбиелеуге арналады.
Мектеп жанынан ашылған алғашқы екі апталық «Күншуақ» балалар лагері жұмысын аяқтап, келген оқушылардың ойы сергіп, асыр салып ойнап, ата – аналарына тапсырылды. Тынығып, жаңа күш жинап, тарқады. Алдағы жарқын жазда ата — анаға бала қауіпсіздігіне аса мән беру қажеттілігі ескертілді. Шәкірттерімізбен күзде жаңа оқу жылында кездескенше сәттілік тілейміз! Ұстаздарымызбен қауышқанша күн жақсы болсын!

 

САРЖАНОВА Назгуль Даулетхановна,

бастауыш сынып мұғалімі.

ТУЛЕГЕНОВА Диана Саятқызы,

«Күншуақ» балалар лагерінің жетекшісі.

Алматы қаласы, №156 — жалпы білім беретін мектеп