«Жазуымды тұрады ылғи Күн оқып»

Қазақстан Жазушылар кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Сәулеш Шәтенованың «Жазуымды тұрады ылғи Күн оқып» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға қаламгерлер, ақынның студенттік достары мен жастар сонымен қатар ақын шығармашылығының шынайы оқырмандары қатысты.
Іс-шараны жүргізген модератор ақын, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ф.ғ.д, профессор Бауыржан Жақып кеш иесінің шығармашылығына қысқаша тоқталып, ақжарма тілегін арнады.
Кітаптың тұсаукесер салтанатында филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы Қансейіт Әбдезұлы, жазушы, драматург, аудармашы, Ғ.Сыланов атындағы сыйлықтың иегері, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы Нұрлан Қами және студенттік достары ақын тақырыбының ауқымды, тілі шұрайлы, көптеген мәселелерді өлеңдеріне қосқанынын айта келе, жаңа кітапқа құтты болсын айтысып, иығына шапан жапты.
Шара барысында ақын Сәулеш Шәтенова өзінің өлеңдерінен үзінділер оқыды. Дәстүрлі әнші Ідірбай Байбақты домбырада халық әндерін
орындап, Алматы қаржы-экономикалық колледжінің студенттері автордың өлеңдерін оқып, күмбірлете күй, бишілер биден өнер көрсетті. Кітапхана жетекшісі М. М. Мұхаммедова алғыс айтып, кітапхана атынан имидждік сыйлық табыстады.
Атыраулық құрбыларын кейбір курстасы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ –нің журналистика факультетін бітіргеннен кейін, қырық жылға жуық уақыттан соң кездесіп отырғанын айтқан Мейрамбек Шілдебаев, Қызылордадан арнайы келді. Ақын курстастарымен бас қосқан журналистер бір мәре-сәре болып, студенттік өмірге барып қайтты.
@meirambektembayev
@library.almaty