Журналист мінездің адамы

Қалай десекте, білім мен тәжірибесіз мамандықтың шыңына шығу мүмкін емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында айтқан осынау қағидасын басшылыққа алған БАҚ өкілдері еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Арнайы мәліметтерге сүйенсек, әлемде 40 мыңға, ал Қазақ­станда 7 мыңға жуық мамандық иесі бар болса, солардың қатарында журналисттердің есімі мақтанышпен аталады.

Кез келген мамандық иесін алсақ, отансүйгіштік қасиеті жүрегінде лапылдап жанған өз ісіне адалдық танытқан еліміздің патриоты екенін оның еңбек жолындағы жетістіктері арқылы білеміз. Қоғамдағы орны білімі, ізденгіштік қабілеті, пайым – парасаты, кәсіби біліктілігінен байқалады. Сол сан мамандықтардың ішінде журналист мамандығының шоқтығы биік. Журналист – қоғамдық ақпарат саласының қызметкері, халыққа еліміз бен әлемдегі жаңалық таратушы, жақсының жаршысы, халық өмірінде атқарушы органдар тарапынан кеткен кемшіліктерді дер кезінде байқап, елдің жанайқайын билікке жеткізе алатын маман. Басқа сала мамандарымен салыстырғанда журналист бесаспап, көпсаланы меңгерген қоғамның заңды сақшысы. Қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларға дер кезінде үн қосып батылдық танытатын, кемшілікпен ымырасыз күресетін, жақсы істің жаршысы, игілікті істердің жарыққа шығарушы журналист Бұқаралық ақпарат құралының өкілі.

Мамандықтың қиындығына қарамастан жылда Республикалық «FARABI SHAKIRTI»  журналы мен www.farabishakirti.kz желілік басылым-сайтының жас оқырмандары арасынан журналист мамандығын таңдап, сол салаға бейімделіп, ерінбей мақала жазып келе жатқан оқушылар арасынан Жас тілші тәрбиелеп келеміз. Жыл сайын 5-6 оқырманымыз еліміздегі білім ордасының қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық, «Тұран» Университтері және облыстардағы Республикалық білім ошағында журналистика факульетінің студенті атанады. Журнал жарыққа шыққан 2019 жылдан бері алғашқы жас тілшілеріміз қолына дипломын алып, кәсібіне кірісіп те кетті.

Бұл – редакцияның шығармашылық ұжымының жас оқырмандарына арнап шығарып жатқан журналына төккен еңбегінің жемісі деп білеміз. Мектеп жасындағы оқырмандарымыз көп-ақ. Солардың арасынан 2024 – 2025 оқу жылында 10 жас тілші тәрбиелесек, олардың үшеуі биыл мектеп бітіргелі отыр. Әр жас тілшіге шығармашылық шабыт тілей отырып, түлектерге Ақ жол,  арманындағы журналист мамандығының иесі болсын дейміз!

Алматы қаласы, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған  дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында Ғаниқызы  Дәрия, Доскенқызы  Гүлшат, Саттыбаева  Еркенур, Туркебай  Ақзере  Маратқызы, Тұрдақын Әмина  Жанатқызы, Тұрлыбай   Нұртілеудей жас тілшілеріміз білім алуда. Өткен 2023 – 2024 оқу жылында осы мектепті тәмамдаған Сатыбалды Диас — әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің І – курс студенті.

Шығармашылыққа ұмтылған жас ұландардың тұсауын кесіп, олардың қабілетін журналистикаға бағыттап келе жатқан білікті ұстаз М.М. МАЛИК. Майра Маликқызы — «Шебер-педагог», философия докторы PhD, аға оқытушы, «Дарынды ұстаз», «Үздік ұстаз» төсбелгілері, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Алғыс хат», «Құрмет грамотасы», иесі. ҚР Оқу-ағарту министрлігі «2022 жылдың Үздік педагогі», ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі мен куәлік иегері, «Алматы тұлғалары» 2024 жылғы жинаққа есімі кірген.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42 «Ақ ниeт» гимназиясының  Айдынқызы  Алина, Сүндетқали  Инабат пен Темирханова  Арайлым «Жас тілші» қатарына қабылданды. Жетекшісі — СИСЕКЕШЕВА  Айгерим Мергалиевна таpих жәнe құқық пәндepінің мұғалімі. Педагог-модератор. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2024 жылы облыстық деңгейде «Тарихтан тағылым қосымша курс бағдарламасы» әдістемелік құралы; халықаралық ғылыми – тәжірибелік журналда «Glorious person, great knowledge, powerful rule – Kassym Khan» тақырыбында ғылыми мақаласы жарияланды Жыл сайын оқушылары Республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, қала, облыс көлемінде үнемі І, ІІ, ІІІ – орындар қатарында есімдері аталса, ал пәндік олимпиадалардан жүлделі орындар иеленуде.

Алматы облысы, Карасай ауданы, KursAnt School мектебінің 11 «Ц» оқушысы Узакбай  Арайлым  Серікбайқызы да жаc тілшілер қатарына қосылды. Түлектердің  болашақ мамандығын адаспай таңдауына қолдау көрсетіп, шәкірттерді Ана тіліміз бен әдебиетінің мәйегіне қандыра білім беріп келе жатқан Сәулімбай Айғаным Серікқызы ұлағатты ұстаз. Педагогика ғылымдарының магистрі, «Анық қадам бас»,  «Мені өзгерткен махаббат» кітаптарының авторларының бірі.

Ұстаздарымызға денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, шәкіртке жаңа заман талаптарына лайық білім беріп, тәрбиелеуде күш – жігер, қажымас қайрат тілейміз. Елін сүйіп, халқына қызмет ететін ұлтжанды азамат сіздер арқылы танылсын демекпіз! Шәкірттерге арман-тілектері орындалып, мақсатына жетуіне тілектеспіз!

Ж.КУЧУКОВА,

Республикалық «FARABI SHAKIRTI»

журналы мен www.farabishakirti.kz желілік

басылым-сайтының Бас редакторы