Журналистиканың қазіргі жаңа қызметтері

      Ең алдымен журналистикаға тоқталайық. Журналистика шығармашыл жандар мен халық үшін ерекше қызмет ететін, әрқашан шындықтың көзін ашушы, халық пен биліктің арасын байланыстырушы жандардың жиналған, тарихқа толы ортасы. Әрине, ең бірінші журналистика саласы дегенде газет — журналдарды, телеарналар мен радионы  айтамыз. Бір жағынан бұл да жақсы түсінік шығар… Себебі, сонау тарихымыздың көне мұраларын әлі күнге дейін сақтап,  ұрпаққа ұлағаттап келген осы бұқаралық ақпарат құралдары. Сол үшін осы саладағы әрбір маман өз тәжірибесін осы газет — журналдармен бастауы керек деп білемін.

Кәсіби журналист болу үшін жазу стилің, баспадағы тәжірибең болуы маңызды. Бірақ қазір, дәл осы салада бұл мамандықтардан бөлек, заман талабына сай жаңашыл қызметтер пайда болып жатыр. Бәріміз білетіндей, қазіргі заман интетрнет пен әлеуметтік желілердің дамыған кезеңі. Осыған байланысты журналистика саласы да жаңа бір деңгейге көтерілген еді. Қазір журналистер тек баспаларда ғана емес, корреспондент,к орректор, редактор сынды қызметтерді де алып жүре алады. Оны былай түсіндірейік.

  • Журналситер қазір Фрилансерлерлікте сұранысқа ие. Яғни, медиа саласында ақпарат жинайтын, сұхбат беретін, бастапқы ақпаратты қабылдайтын және өңдейтін корреспондент ретінде, баспада мәтіндегі қателерді түзететін техникалық маман корректор ретінде, маман — редактор ретінде , жаңалықтар мен хабарларды тікелей эфирде ұсынатын тележүргізуші ретінде үлкен сұраныста.
  • Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілердің дамуы журналистикаға қатысты жаңа мамандықтардың пайда болуына себеп болғаны рас. Компаниялар ақпарат өз өнімдері мен қызметтерін ілгерілетудің жақсы тәсілі екенін яғни аудиториямен бір тілде сөйлей алатын кәсіби журналистер қажеттігін түсінді. Сондықтан журналистер компанияның сайтында жарнамаға мәтіндер мен мақалалар жазатын маман — копирайтер ретінде, әртүрлі коммуникациялық арналар (веб-сайт, әлеуметтік желілер, журнал, youtube және т.б.) арқылы аудиториямен байланысу стратегиясын ойластыратын маманға айналды. Контент-менеджер ретінде, жарнама және қоғаммен байланыс жөніндегі маман PR-менеджер ретінде де сұранысқа ие.

PR саласына жеке тоқталайық. PR  бұл кәдімгі жарнама емес, қазірде пиарды жарнамамен шатастыратындар көп. Бірақ бұл сала маркетингпен ерекше байланыста. Яғни, бұл пиар маманның нағыз қызметі, компанияның имиджін қалыптастыру, белігілі бір бизнес компанияны жақсы жағынан таныту, ол жайлы жағымды пікір  қалыптастырып, тұтынушылар арасында кері байланыс орнату. Бұл жағдайда аудиториямен тіл табысу үшін журналистердің керек болатынын анық.

Және осы саланың нағыз қызық,мүмкіндікке толы екнінің дәлелі ретінде өзім осы Nazym Zhangazinova-ны  айтар едім. Кейбір жандардың пікірінше, кез келген адам пиар маманы бола алады. Бірақ осы кісінің жетістіктеріне, жеке профильіне қарап мен бұл  пікірді қате санаушы едім. Себебі, бұл саланы дамытып, алып кету үшін қоғаммен байланысы білу маңызды.Сол үшін журналистиканың бұл саласын оқып үйрену қажет.

    Назым Жангазинова осы салада 10 жылдан аса тәжірибесі бар маман. Әрі Димаш Құдайбергеннің бұрынғы жеке менеджері, Дубай, АҚШ мемлекеттерінің пиар коммуникациядағы  байланыс маманы. Қаншама діндер сьезінің, мемлекет шараларының ұйымдастырушысы. Бастысы журналист. Осы салада жеткен жетістіктері аз емес.

Міне, осы кіснің жетістіктерімен — ақ журналистиканың мүмкіндігі көп, сферасы кең екеніне көз жеткізуге болады. Бастысы журналистиканың ішіндегі өзіңе ұнайтын саланы тауып соның кәсіби маманы болсаң болғаны, барлық мүмкіндіктер ашылатыны сөзсіз. Бұл сала, ешқашан өлмейтін сала. Себебі, әлемдегі ақпараттар ешқашан таусылмайды. Ал журналисттердің міндеті оны шынайы, нақты жеткізу. Халықты  ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттің дамуына үлес қосу.

Қай бір салада  болмасын, сөйлеу мықтылығы, ортамен байланысы мықты  журналисттер сұраныста болатыны анық. Сол үшін өз таңдаған саламнан үлкен болашақ күтемін. Және осы журналситика сферасының мықты маманы болып қалыптасатыныма сенімдімін!

 

 

 

 

 

                                          Нұрай  САЙФУЛЛА,

                                      Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы,

        Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің

11 сынып оқушысы