Журналисттердің қаламақысы жазғанына қарай төленеді

  «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын оқығаннан кейінгі ой

Журналисттер жайлы сөз қозғаған сәтте, қоғам пікірі көбінде әртүрлі  ойда болады. Өзектілігі жоқ, жұмыс аз, тіпті көңіл қызықтыратын мамандық емес деп жатады. Әрине жеке адамның ойы үшін біз ешкімді кінәлай алмаймыз. Мен бұл теріс пікірлерге осы шығарылымымда кітап есебінен дәлел алып, ойымды қосқым келеді. Жақын арада ғана майдангер — жазушы  Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабын оқып, аяқтаған едім. Мұнда журналистер жайында, мақала, очерк, новеллалар жайында біраз ақпараттар айтылды. Әсіресе қаламақы барысы, журналисттердің осыдан біршама жыл бұрынғы табысы  жайында да ауқымды түрде сөз қозғалған болатын. Қазірде осы  мамандықтың табысына күмән тым көп. Бірақ ол адамның нағыз маман бола алуына байланысты. Қаншалықты сол саланың мықтысы болсаң, табысың да соншалықты жоғары болатыны сөзсіз. Бұл сөзіме де осы кітатпағы Шалдуар кейіпкердің диалогтері дәлел бола алады.

Бұл кітаптың осы саламен байланыста болуы мұндағы басты кейіпкер Ерболдың журналист боламын деп талпынуымен басталған-ды. Соғыстан келе сала оның университеттің журналистика факультетіне түсуі, өзінің жеке очеркін жазып аяқтап редакцияға баруы, жұмыс іздеп ақырында тілші болып, халықтың үнімен үндескен мақалалар жазуы осы бір кітапта керемет сипатталған. Әсіресе осы кейіпкер тілші болмас бұрын, журналисттердің ортасында жай ғана хат тасушы болып жүрген. Сол кезде ақ  яғни 1947 жылдары нағыз журналисттердің қаламақысын әдеби қызметкер Шалдуар Шалғынбаевтың өз  аузынан естігенде тіпті таңырқап қалған еді… Сондай бір диалогте Шалдуар, Ерболға:

«Біздің редакцияда бес жолдық информацияға он сом қояды. Егер бір қарыс информация жазсаң тіпті алпыс сом аласың. Ол газетке апта сайын шығады. Ал нағыз журналистпін деп очерктер жазсаң қанша гонарар берілетінін елестете аламысың, өзі?» — деп ой салған. Міне, осыдан — ақ журналисттер бұрыннан баспасөз басылымдарында қызмет етсе, жазу шеберлігі мықты болса, сол заманның өзінде аз  қаламақы алмағанын көре аламыз.

Қазірде мүмкін газет – журналдарда қызмет етуді мақсат еткен мамандар аз шығар. Шұғыл ақпарат беріп, жаңалықтарды дер кезінде тарататын журналистердің еңбегі жоғары бағаланып, көп гонарарларын алатын болар. Тіпті мәтінді дыбыстап оқып, мәтіннің орфографиялық қатесін анықтауда журналисттерге жүгінетін серіктестер де өте көп. Тіпті сол жылдарға қарағанда қазірде журналистика саласы бірнеше есе дамып кеткен. Копирайтер, СММ, Тележүргізушілік, Цифрлық медиа, Баспа ісі, Продюсер, Редакторлық сала жаңа технологиялармен жұмыс істейтін мамандарды талап етеді. Сондықтан журналисттердің табысы аз, жұмысы көп деген мифтерді жақсы ойға өзгерткеніміз дұрыс.

Шығармадағы Шалдуар кейіпкер айтқандай, әр жанның өзінше жақсы гонарар алуы жақсы маман болуында. Егер сіз сұранысқа ие маман болсаңыз жұмыс әрқашанда, әр салада да табылады. Еш өлмейтін мамандық деп немесе ата-ананың көңілі деп, өз жүрек қалауыңыздан бас тартсаңыз ол болашақта сізге керемет көңіліңізден шықпайды.

Ол мамандықты тек табыс көзі деп қабылдайтын боласыз. Сондықтан  қолыңыздағы өзіңіздің жүрегіңіз қалап, сүйген ісіңіз болса, қорықпай алға қадам қадам басыңыз. Еңбек етсеңіз болашағыңызда сол еңбегіңіздің жемісін алатыныңызға  күмәніңіз де болмасын.

                                                                             

 

 

Нұрай  САЙФУЛЛА,

  Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы,

                    Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің

11 сынып оқушысы.

           www.farabishakirti.kz сайтының жас тілшісі