«Ақтоғай» орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепішілік «Кітап оқу үздігі» байқауы өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев өз сөзінде, кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін айрықша атап айтқан болатын. Бұл  тапсырманы орындау үшін “Оқуға құштар мектеп” жобасы енгізілді. Жоба оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға  бағытталған жоба.

Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде демеушілердің көмегімен «Үздік оқырманға сыйлық» деп екі велосипед  және де басқа сыйлықтар қойған болатынбыз.Байқау сақтық шараларын қолдана отырып, әділ шешім қабылдайтын қазылар алқасы сайланып өз дәрежесінде өтті. Оқушыларға алдын — ала жас ерекшеліктеріне қарай оқуға тиісті шығармалары берілген  болатын.Бастауыш сыныптар арасында он шығарманы оқуға тиісті болса,жоғары сыныптар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай отыз шығарма оқуға тиісті болды.

Байқауға барлығы 16 оқушы қатысты.Барлығы да жақсы дайындықпен қатысты.Әділ қазылар алқасы: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -Әміреев Е.,қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Жексенбина Д.,Нәшірбаева Г.,ауылдық кітапхана меңгерушісі -Сапарбаева Ж.,мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы- Саулембаева Г.,мектеп кітапхана меңгерушісі Ошақбаева Мейіргүл байқауға қатысқан оқушыларды бағалау критерийін  жасады.Байқау нәтижесінде бастауыш сыныптар арасында бас жүлде велосипед пен мақтау қағазы Зейнолла Жанельге берілді.І -орынды Ыдырыс Еңлік, ІІ- орынды Жансерік Жансезім,ІІІ — орынды Алтайбек Айару иеленді.Жоғары сыныптар арасында бас жүлде велосипед пен мақтау қағазы 10 — сынып оқушысы Ыдырыс Айғанымға берілді.І,ІІ,ІІІ орындарға Шахбалы Айбаршын,Мадияр Махаббат, Бөкенбай Балнұр, Айтбек Іңкәр лайық болды.Барлық  байқауға қатысқан оқушылар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жоба аясында «Мектепке сүйікті кітабыңды сыйла!» атты акция  өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нәшірбаева Г,   М. Әуезовтың «Абай

жолы» кітабының 4 томдығын;  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әміреев Е, «Сұрақ және жауап» энциклопедиясын сыйға берді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы келесі оқу жылында да жалғасын табатын болады.

ОШАҚБАЕВА Мейіркүл,

                                                Жамбыл облысы,  Сарысу ауданы,

                                              «Ақтоғай» орта мектебі кітапхана меңгерушісі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *