*Қарашаңырақ – ұрпақтар өрбіген қуатты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де қарашаңырақ. Сондықтан қазақ баласы атасы көтерген қарашаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.

    Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі жоғары білім беру орындарының ең алғашқысы. Тарихы 90 жылға жуықтады. Бір ғасырға жуық уақыт ішінде мыңдаған студент қалаған мамандығының иесі болып атанып, Туған жерді түлетуге, гүлдендіруге, ата – баба аманатын ақтауға атсалысып келеді.

1934 жылы 15 қаңтарда іргесін қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау-көзі болды.

World University Rankings QS (Ұлы­британия) беделді рейтингтік агенттігі­нің зерттеу қорытындылары бойынша, әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті 236-орыннан көрініп, әлемнің 50 үздік университеті қатарына енді.

Отбасында «ҚазҰУ» деген сөз жиі айтылады. Балалар өсіп, ес біле бастады. Сол себепті, олар бізден «ҚазҰУ» туралы білуге құштарланып, жиі сұрақтар қояды. Қазіргі елдегі эпидахуалға байланысты ғылым мен білімнің, ғалымдар мен олардың жас ізбасарларын білім шыңына жетелеген орта туралы  ONLINE репортаж жүргізгенді жөн көрдік.

Білімнің қарашағырағын 36 жасында ТМД бойынша ең жас техника ғылымдарының докторы атанған академик МҰТАНОВ Ғалымқайыр Мұтанұлы 2010 жылдан бері басқарып келеді. Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінде аспирантура мен докторантураны бітірген.

Әлемнің екінші ұстазы есімімен аталатын көше мен Тимирязев көшесінің қақ ортасында орналасқан университеттің кіреберісінде Республикамыздың тұңғыш Президенті, Елбасы паркінің қақпасы ашылған.Университет кампусы 90 гектар ауданда орналасқан. Университет кампусы қатарына концерттер мен өзге де жаппай іс-шаралар өтікізілетін студенттер сарайы,  спорт  кешені, жеке тұрған кітапхана,  өзге қаладан келгендер мен шетелдік студенттерге арналған жатақхана,  тамақтану комбинаты, студенттерге қызмет көрсету орталығы кіреді. Осының арасынан ойып тұрып орын алатын биік ғимарат  болып ректорат (биіктігі 75 м) саналады,  бұл бүкіл кешен 34 сәулеттік — композициялық  маңыздылығының көрінісі болып табылады.

Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар. Қарашаңырақты әр жылдары елімізге танымал тұлғалар бітірген. Олар:Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Қадыр Мырза Әлідей ұлғалардың есімін ардақтап еске аламыз. Ал,Мұхтар Мағауин,Нұрлан Оразалин, Олжас Сүлейменов,Мырзатай Жолдасбеков,Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Қайрат Мәмидей ел ағалары кейінгі буын жастарға өнегелі естерін үйретумен келеді.

Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл — Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.

Бүгінгі таңда Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180 сала бойынша мамандар дайындайтын еліміздегі белді жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда университет 37 мамандық түрі бойынша білікті кадр дайындайтын халықаралық беделі бар ғылыми-зерттеу орталығы саналады.

МҰТАНОВ Ғалымқайыр Мұтанұлы:

—Қазіргі кезеңде ҚазҰУ-дың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті алға қойған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге өз үлесін қосу және әлемнің ең үздік 200 университеті­нің санатына ену. Елбасы атап көрсеткен­дей, бүгінде уақыт талабына сай, университеттер адам капиталын қалыптас­тыру­дың субъектісі ретінде жаңғырту үдерістерінің және елдің инновациялық дамуының көш басында болуы тиіс. Осыған орай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің білім беру флагманы ретін­де, жаңа буын университетінің – «4.0 Университет» моделін жасап, халық­аралық қауымдастыққа ұсынып отыр. Бұл модель «Al Farabi Unirversity Smart City» тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылуда.ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдар­ламасының тұрақты даму жөніндегі ғаламдық хабын қатарынан үш мерзім басқаруда. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерінде өткен Өркениеттер Альянсы форумында ҚазҰУ таныстырған «4.0 Университет» моделі әлемдік деңгейде кеңінен таратуға ұсынылды,- дейді.

ТУРАРОВ  Дәурен,

Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің оқытушысы,  э.ғ.к., доцент м.а.,

ИСАЕВА Айман, аға оқытушы

Деректер баспасөз метериалдары негізінде даярланды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *